
«Дені сау болу және белсенді өмір сүру – стильді және позитивті!» ұранымен медицина қызметкерлері арасында шаңғы жарысынан қысқы спартакиада өтті.
Біздің емхананың қызметкерлері жарысқа белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар: Жумагулов Т., Савапова К.
Жеңістеріңіз құтты болсын! 👏⛷️
Под девизом «Быть здоровым и вести активный образ жизни — это стильно и позитивно!» среди медицинских работников прошла зимняя спартакиада по лыжным гонкам.
Сотрудники нашей поликлиники приняли активное участие и заняли призовые места.
Победители: Жумагулов Т., Савапова К.
Поздравляем с заслуженной победой! 🎉⛷️

3 ақпанда «Жастар арена» спорт кешенінде доцент Несібелі Хамитқызы Телеуованың жарқын естелігіне арналған университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында волейбол турнирінің салтанатты ашылуы өтті.
Аталған турнирге біздің ұжым қызметкерлері белсенді қатысып, жоғары деңгейде ойын көрсетті 💪
Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда жүлделі орын алып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал турнирдің үздік ойыншысы атағы клиника акушеркасы Берсугирова Ж.Б.-ға берілді 🏆👏
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 🎉
⸻
3 февраля в спортивном комплексе «Жастар арена» состоялась торжественная церемония открытия волейбольного турнира среди профессорско-преподавательского состава и сотрудников университета, посвящённого памяти доцента Несибели Хамитовны Телеуовой.
Наши сотрудники приняли активное участие в турнире и продемонстрировали отличную командную игру 💪 Приз «Лучщий игрок» получила акушерка Берсугирова Ж.

📌 В клинике семейной медицины врач молодежного центра здоровья «Самгау» Жармагамбетова Д.А. провела беседу со студентами 1 курса ЗКМУ им. М. Оспанова на тему: «Охрана репродуктивного здоровья, личная гигиена и забота о себе».
В ходе встречи были обсуждены вопросы сохранения репродуктивного здоровья, важность соблюдения правил личной гигиены и формирования ответственного отношения к своему здоровью. Студенты получили полезную информацию и ответы на интересующие вопросы.
📌 Отбасылық медицина клиникасында «Самғау» жастар денсаулық орталығының дәрігері Жармагамбетова Д.А. М. Оспанов атындағы ЗКМУ-дың 1-курс студенттеріне «Репродуктивті денсаулықты қорғау, жеке гигиена және өзіне күтім жасау» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында репродуктивті денсаулықты сақтау, жеке гигиенаның маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. 👏

📌 Пациенттердің тұрғылықты жері бойынша учаскелерде қызылшаға қарсы вакцинациядан бас тартқан ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🩺 Кездесу барысында вакцинацияның маңыздылығы, қауіпсіздігі және жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі кеңінен түсіндірілді.
✔ Түсіндіру жұмыстарын бас дәрігердің орынбасары Жұбатова Д. Е. жүргізді.
📌 На участках, по месту проживания пациентов, проведена разъяснительная работа с родителями, отказавшимися от вакцинации против кори.
🩺 В ходе встречи были разъяснены вопросы важности и безопасности вакцинации, а также её роли в профилактике инфекционных заболеваний.
✔ Разъяснительную работу провела заместитель главного врача Жубатова Д. Е.

📌 Бүгін Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаевтың әр сәрсенбі күні өтетін «Ашық есік күні» аясында қабылдауы өтті.
📌 Қабылдау барысында пациентке 1938 жылы туған, 9-аймаққа тіркелген Ниеталы Бақытжан дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес берілді.
✔️ Қолданыстағы медициналық бағдарламалар шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сегодня в рамках «Дня открытых дверей» главный врач Клиники семейной медицины провел прием пациентов.
🩺 Пациент 9 участка Ниеталы Бакытжан 1938 г.р. был принят по вопросам лекарственного обеспечения.
✔️ Даны разъяснения и рекомендации в рамках действующих программ медицинской помощи.

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің бұйрығына сәйкес өзара ынтымақтастық аясында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен «Самғау» жастар денсаулығы орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға «Самғау» ЖДО дәрігері Жармагамбетова Д.А., психологы Аугалиева Э.К. және әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қартжан Н.Е. қатысты.
Меморандумның мақсаты — 10 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған семинарлар, тренингтер, кездесулер, сондай-ақ алдын алу және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

📌 Марат Оспанова атындағы Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев 2025 жылғы қызметінің қорытындысын жасады.Іс-шараға «М. Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ-тың ғылым және клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі Мусин Надияр Маратович қатысты.Іс-шара барысында атқарылған жұмыстар талқыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар белгіленді.

Құрметті пациенттердің назарына!
Қызылша – өте жұқпалы вирустық ауру. Ол әсіресе балалар мен иммунитеті әлсіреген адамдар үшін қауіпті. Ауру ауа-тамшылы жолмен тез тарайды және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Қызылшаның негізгі белгілері:
Отбасылық медицина клиникасында қызылша ауруының алдын алу мақсатында егу статусы белгісіз тұрғындар және 6 ай мен 10 ай 29 күн аралығындағы сәбилер қосымша иммундаудан өтуде.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
Қызылша – алдын алуға болатын ауру. Сіздің жауапкершілігіңіз тек өз денсаулығыңызды емес, айналаңыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

📌Демалыс күндері Отбасылық медицина клиникасының қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізді: отбасыларды үй-үйімен аралау, ата-аналармен түсіндіру әңгімелерін жүргізу, сондай-ақ профилактикалық екпелерден бас тартқан балаларды иммундау.
Сонымен қатар, ақпан айы бойы демалыс күндері егу кабинеті сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.
📌В выходные дни сотрудниками Клиники семейной медицины были проведены профилактические мероприятия: подворовые обходы семей, разъяснительные беседы с родителями, а также иммунизация детей, ранее отказавшихся от профилактических прививок.
Кроме того, в течение месяца февраля в выходные дни прививочный кабинет работает с 09:00 до 14:00.

Жатыр мойны обыры — жатыр мойны жасушаларында дамитын қатерлі ісік. Көбінесе адам папиллома вирусының (АПВ) ұзақ уақыт сақталатын инфекциясымен байланысты. Ерте кезеңдерінде белгілері байқалмауы мүмкін. Мүмкін белгілері: етеккірден тыс қанды бөліністер, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, жыныстық қатынас кезінде жайсыздық. Алдын алу шараларына АПВ-ға қарсы вакцинация және тұрақты скринингтер (ПАП-тест, АПВ-тест) жатады. Ерте анықталған жағдайда тиімді емделеді.
Рак шейки матки — это злокачественное заболевание, которое развивается в клетках шейки матки. Чаще всего связано с длительной инфекцией вирусом папилломы человека (ВПЧ). На ранних стадиях может протекать без симптомов. Возможные признаки: кровянистые выделения вне менструации, боль внизу живота, дискомфорт при половом контакте. Профилактика включает вакцинацию против ВПЧ и регулярные скрининги (ПАП-тест, ВПЧ-тест). При раннем выявлении хорошо поддаётся лечению.

📌Стоматология мен мобильді топтың кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамыту шеңберінде психолог Э.К. Аугалиеваның ұйыдастыруымен психологиялық ойын тренингін өткізілді.Тренинг барысында қатысушылар коммуникативті дағдыларды, топтық жұмысты, эмоционалдық интеллектті және стресске төзімділікті дамытуға бағытталған интерактивті жаттығуларды орындады.Ойынға негізделген формат қызметкерлердің белсенді қатысуын жеңілдету, сенімді атмосфераны қалыптастыру және мотивацияны арттыру. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар оның практикалық пайдасы мен топтық жұмысқа оң әсерін атап өтті.
📌В рамках развития профессиональных и личностных компетенций сотрудникам стоматологий и мобильной бригады был организован психологам Э.К Аугалиевой психологический игровой тренинг. В ходе тренинга участники выполняли интерактивные упражнения, направленные на развитие коммуникативных навыков, командного взаимодействия, эмоционального интеллекта и стрессоустойчивости. Игровой формат способствовал активному вовлечению сотрудников, по итогам тренинга участники отметили его практическую пользу и положительное влияние на работу группы.

📌Бүгін Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев, бас дәрігердің орынбасары, ВКК дәрігері және хирург дәрігердің қатысуымен дәрігерлік консилиум өткізілді.
Консилиум барысында пациенттің денсаулық жағдайы жан-жақты қаралып, қосымша диагностикалық тексерулер мен әрі қарай ем алу тактикасы талқыланды. Пациентке медициналық көмекті күшейту, емдеу процесін жалғастыру және қажетті мамандардың бақылауында болу жөнінде нақты шешімдер қабылданды.
Қабылданған шешімдер пациентке уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталды, ем алу үдерісі қазіргі уақытта жалғасуда.🙌🏻
📌Бүгін Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев «Ашық есік күні» аясында пациенттерді жеке қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындардың денсаулығына қатысты сұрақтары тыңдалып, нақты медициналық кеңестер берілді.Шешілген мәселелер тізімінде алғаш рет анықталған диагноз бойынша баланың анасымен егжей-тегжейлі талқылау жүргізілді. Дәрігер тарапынан баланың қазіргі жағдайы, алдағы емдеу-сауықтыру жоспары, бақылау және қосымша тексерулер жөнінде толық түсіндірме берілді.
Ашық есік күні пациенттер үшін маңызды мәселелерді тікелей бас дәрігермен талқылауға мүмкіндік беріп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды.🙌🏻
📌Сегодня главный врач Клиники семейной медицины С.М. Нурбаев в рамках акции «День открытых дверей» провёл личный приём пациентов. В ходе приёма были выслушаны вопросы жителей, касающиеся состояния здоровья, и даны конкретные медицинские рекомендации.В числе решённых вопросов — подробное обсуждение с матерью ребёнка впервые выявленного диагноза. Со стороны врача были даны разъяснения по текущему состоянию ребенка, дальнейшему лечебно-оздоровительному плану, наблюдению и дополнительному обследованию.
День открытых дверей позволил напрямую обсудить важные для пациентов вопросы с главным врачом и повысил доступность медицинской помощи.

📌Отбасылық медицина клиникасының кәсіподақ комитетінің төрағасы Э.К Аугалиеваның ұйымдастыруымен жиналыс өтті. Жиналысқа клиникамыздың бас дәрігері мен орынбасары қатысты. Кездесу барысында 2026 жылға арналған кәсіподақтың жоспарлары кеңінен таныстырылып және кәсіподақ мүшелерімен таныстырылып ұжымдық келісімшартқа (коллективтік договор) енгізілетін өзгерістер талқыланды. Барлық өзгерістер кәсіподақ мүшелеріне түсіндіріліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар, ұжымдағы ағымдағы мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары ортаға салынды. Жиналыс ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын еркін білдірді.🙌🏻

📌Марат Оспанов атындағы Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев клиникада күнделікті жоспарлы обход жүргізді. Аралау барысында клиниканың санитарлық жағдайын, медициналық қызметтің ұйымдастырылуын және пациенттерге көрсетіліп жатқан ем-шаралардың сапасын тексерді.
Сонымен қатар бас дәрігер пациенттермен жеке сөйлесіп, олардың ем алу барысы, медициналық қызметкерлердің жұмысы және жалпы жағдайы туралы пікірлерін тыңдады. Айтылған ұсыныстар мен сұрақтар назарға алынып, тиісті тапсырмалар берілді.🙌🏻

📌Марат Оспанов атындағы Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев және бас дәрігердің орынбасары Д.Е Жубатова бірлесіп, апта сайын жүргізілетін жоспарлы аралау (обход) жұмыстарын өткізді.
Аралау барысында дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері мен көтерген мәселелерін тыңдады. Айтылған ұсыныстар негізінде медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.🙌🏻

📌Бүгін Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаевтың әр сәрсенбі күнгі «Ашық есік күні» аясында қабылдау өткізілді.
📌Іс барысында 1973 жылы туған, 7-аймаққа тіркелген Муканова Жанар қабылдауда болып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кеңес алды. Атап айтқанда, сақтандыру жарналарын төлеу тәртібі, төлем жасау жолдары және медициналық қызметтерді алу шарттары бойынша толық әрі түсінікті ақпарат берілді.
📌Сегодня в рамках еженедельного «Дня открытых дверей», проводимого по средам, главным врачом Клиники семейной медицины С.М. Нурбаевым был проведён приём.
📌В ходе приёма пациентка Муканова Жанар, 1973 года рождения, прикреплённая к 7-му участку, получила консультацию по вопросам обязательного социального медицинского страхования. В частности, была предоставлена подробная и понятная информация о порядке уплаты страховых взносов, способах оплаты и условиях получения медицинских услуг.

📌 Марат Оспанов атындағы Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев апта сайын бөлімшелерді аралап, жұмыс барысымен танысады. Аралау барысында дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын тыңдап, сол бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Сонымен қатар стоматология бөлімшесінде және мобильді бригада құрамында бақылау-қарау жұмыстары жүргізілді.
📌Главный врач Клиники семейной медицины имени Марата Оспанова С.М. Нурбаев еженедельно посещает подразделения и знакомится с ходом работы. В ходе обхода он выслушивает предложения и обращения врачей и медицинского персонала и принимает соответствующие меры. Также были проведены контрольные и осмотровые работы в стоматологическом отделении и в составе мобильной бригады

📌Отбасылық медицина клиникасында қысқы-көктемгі кезеңдегі жарақаттанудың алдын алу бойынша ақпараттық кездесу өткізілді.
📌Кездесуге клиниканың бас дәрігері С.М. Нұрбаев және жауапты маман қатысып, қызметкерлерге қысқы және көктемгі кезеңдерде жарақаттанудың алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелері және дұрыс күтім әдістері туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында қызметкерлердің сұрақтары қаралып, практикалық кеңестер ұсынылды.