
Клиникамызда агрессивті пациенттермен жұмыс істеу тақырыбында «Ақ код» бойынша түсіндірме оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында медицина қызметкерлері шиеленісті жағдайларда дұрыс әрекет ету, пациентпен тиімді коммуникация орнату және қауіпсіздікті сақтау тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді. Мұндай жаттығулар ұжымның кәсіби дайындығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

