
📢 Құрметті тұрғындар!
Отбасылық медицина клиникасында әр сәрсенбі күні бас дәрігердің қабылдауы өтеді.
Қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына байланысты мәселелер бойынша кеңес беріледі.
Біздің мақсатымыз – халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету, әр пациенттің өтінішіне мұқият қарау.
📅 Қабылдау күні: әр сәрсенбі
📍 Өтетін орны: Отбасылық медицина клиникасы
Алдын ала жазылу үшін тіркеу бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.
Сіздердің денсаулықтарыңыз – біздің басты назарымызда! 💙
📢 Уважаемые жители!
В Клинике семейной медицины каждую среду проводится приём главного врача.
Во время приёма рассматриваются обращения граждан, предложения и вопросы, связанные с качеством оказания медицинской помощи. Также вы можете получить консультацию по интересующим вопросам в сфере здравоохранения.
Наша главная цель — обеспечение доступной и качественной медицинской помощи.

Баланың терезеден құлап кетуінің алдын алайық ⚠️
Терезе — балалар үшін қауіпті орындардың бірі. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз балаңызды қорғай аласыз ⬇️
🔒 Терезеге арнайы құлып немесе шектеуіш орнатыңыз — бала өздігінен аша алмайды🪟 Балаңызды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезе ашық кезде🪑 Жиһазды терезе маңынан алыстатыңыз — бала оңай шығып кетуі мүмкін🦟 Масаға қарсы тор қауіпсіздік құралы емес — ол баланың салмағын ұстамайды🚫 Балаға терезе жанында ойнауға рұқсат бермеңіз
Бала қауіпсіздігі — ата-ананың басты міндеті
Студенттер «сақтандырылған» мәртебесінің жоқтығына байланысты Қорға жиі жүгінеді.
❗️Назар аударыңыз:
Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз, МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіресіз. Бұл жағдайда жарналарды мемлекет төлейді – өзіңізден төлем талап етілмейді.
Егер оқу барысында жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіз үшін аударымдар төлеуден босатылады.
Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз, күндізгі бөлімде оқитын кезеңде МӘМС жарналарын төлеудің қажеті жоқ.
Маңызды: Қор жеңілдік санатын тағайындамайды. Бұл мәртебе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
Сақтандырылған мәртебесін қарау үшін Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жеңілдік санатыңызды тексеріп отыруды ұсынамыз.

Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері ұлттық аккредитацияға дайындықты тексеру мақсатында жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексеру барысында медицина қызметкерлерінің дайындық деңгейі, сондай-ақ олардың кәсіби білімдері бағаланды.

Отбасылық медицина клиникасы Дүниежүзілік қозғалыс күніне орай «Біз белсенді өмір салтын қолдаймыз» атты спорттық челленджді бастайды!
Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, денсаулыққа деген құндылықты қалыптастыру, пайдалы әдеттерді дамыту, сондай-ақ денсаулықты сақтау және нығайту.
Челленджге қатысып, өзіңізге ұнайтын белсенділікті таңдаңыз: жаяу жүру, жүгіру, жаттығу жасау немесе спортпен айналысу — және өз нәтижелеріңізбен бөлісіңіз!
Бірге қозғалып, белсенді өмір салтын күнделікті дағдымызға айналдырайық!


Бүгінде денсаулық сақтау саласында заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде.
Соның бірі — Qalqan платформасы.
Қарапайым тілмен айтқанда — бұл барлығы ашық көрінетін бірыңғай цифрлық жүйе:
🔹 әр көрсетілген қызмет тіркеледі
🔹 пациент оны көріп, растай алады
🔹 төлем тек нақты көрсетілген қызмет үшін ғана жүргізіледі.
Бұл сізге не береді?
✔️ сізге қандай қызмет көрсетілгенін көре аласыз
✔️ «жалған жазу» тәуекелі азаяды
✔️ барлық медициналық ақпаратыңыз бір жерде жиналады.
Ал жалпы жүйе үшін — бұл тәртіп:
қателік азаяды, артық шығын қысқарады, бақылау күшейеді.
Qalqan — медицинада ашықтық пен әділдікті күшейтіп, пациентті бірінші орынға қоятын жүйе.

Отбасылық медицина клиникасында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.
Клиника қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, сенбілік жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Тазалық – денсаулық кепілі!
Баршаңызды табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамыз 🌿

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өз жалғасын табуда.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру.
Акция барысында қызметкерлер аумақты тазалап, қоқыс жинап, айналаны ретке келтіруде.
Тазалық – әр адамның ортақ міндеті! 🌿

2studentter_uyi №2 студенттер үйінде Отбасылық медицина клиникасының «Самғау» жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 20 сәуір күні «Салауатты өмір салты – әр адамның таңдауы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығы түсіндіріліп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттердің алдын алу туралы ақпарат берілді.
Тренинг еркін форматта өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пайдалы кеңестер алды.
Салауатты өмір – өз қолымызда!

Жастар үйінде Денсаулық апталығы аясында «Самғау» жастар денсаулық орталығы мамандары мен Жұбанов емханасының дәрігерлері студенттермен тренинг форматында кездесу өткізді.
Шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру, психологиялық және физикалық денсаулықты нығайту, зиянды әдеттердің алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға арналған тренингтік ойындар ұйымдастырылып, командалық жұмысқа бағытталған жаттығулар өткізілді.
Студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, мамандарға сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.

Дүниежүзілік денсаулық апталығына орай «Өмірге қауіпті төтенше жағдайлардағы шаралар және өзіне-өзі көмек пен өзара көмек көрсету», «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында лекциялар мен тренингтер ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы Обаға қарсы станцияның бактериолог маманы Мукаева Әсия Болатовна және Отбасылық медицина клиникасының «Самғау» жастар денсаулық орталығының мамандары шақыртылды. Олардың ішінде дәрігер Жармағамбетова Динара Асқарқызы, психолог Ауғалиева Эльмира Қаллиулиевна, салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Төлебаева Ботагөз Бірімжанқызы және студенттік емхананың аға медбикесі Шылмағамбетова Шыналтын Көптілеуқызының қатысуымен университет студенттері пайдалы әрі ашық форматта кездесті. Кездесу барысында денсаулықты сақтау, дұрыс өмір салтын ұстану, психологиялық тұрақтылық және күнделікті пайдалы әдеттер жайлы маңызды ақпараттар айтылды. Студенттер белсенді қатысып, қызықты ойындар ойнап, өз ойларымен бөлісіп, жаңа мотивация алды. Салауатты өмір салты — бұл таңдау ғана емес, бұл болашаққа жасалған қадам.

Дүниежүзілік денсаулық апталығына орай «Өмірге қауіпті төтенше жағдайлардағы шаралар және өзіне-өзі көмек пен өзара көмек көрсету», «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында лекциялар мен тренингтер ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы Обаға қарсы станцияның бактериолог маманы Мукаева Әсия Болатовна және Отбасылық медицина клиникасының «Самғау» жастар денсаулық орталығының мамандары шақыртылды. Олардың ішінде дәрігер Жармағамбетова Динара Асқарқызы, психолог Ауғалиева Эльмира Қаллиулиевна, салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Төлебаева Ботагөз Бірімжанқызы және студенттік емхананың аға медбикесі Шылмағамбетова Шыналтын Көптілеуқызының қатысуымен университет студенттері пайдалы әрі ашық форматта кездесті. Кездесу барысында денсаулықты сақтау, дұрыс өмір салтын ұстану, психологиялық тұрақтылық және күнделікті пайдалы әдеттер жайлы маңызды ақпараттар айтылды. Студенттер белсенді қатысып, қызықты ойындар ойнап, өз ойларымен бөлісіп, жаңа мотивация алды. Салауатты өмір салты — бұл таңдау ғана емес, бұл болашаққа жасалған қадам.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен серіктес отбасылық медицина қызметкерлерінің қатысуымен мазмұнды тренинг-кездесу өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи медицинадағы өзекті тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар, кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған пайдалы ақпараттар берілді.
🎯 Тренинг барысында түрлі ойындар ойнатылып, сергіту сәттері ұйымдастырылды. Бұл қатысушылардың белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салауатты өмір салты – бұл таңдау ғана емес, бұл болашаққа жасалған қадам! Психологиялық қолдау мәселелері де қамтылып, қиын жағдайларда мамандарға жүгінудің маңызы айтылды.

3-студенттер үйінде «Салауатты өмір салты – адамның таңдауы» атты маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы мамандар қатысып, студенттермен ашық әрі пайдалы форматта кездесу өткізді:
👩⚕️ Аугалиева Эльмира Калилуллиевна – психолог
👩⚕️ Жармагамбетова Динара Аскаровна – МЦЗ дәрігері
👩⚕️ Тулебаева Ботагоз Биримжановна – СӨС медбикесі
Кездесу барысында:
🔹 денсаулықты сақтау
🔹 дұрыс өмір салтын ұстану
🔹 психологиялық тұрақтылық
🔹 күнделікті пайдалы әдеттер
жайлы маңызды ақпараттар айтылды.
Студенттер белсенді қатысып, қызықты ойындар ойнап, өз ойларымен бөлісіп, жаңа мотивация алды ✨
💚 Салауатты өмір салты – бұл таңдау ғана емес, бұл болашаққа жасалған қадам!


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын іске қосып, МӘМС 2.0 форматына көшуді бастады. Бұл жүйе қаржының қайда және қалай жұмсалып жатқанын ашық көрсетіп, барлық үдерісті автоматтандыруға бағытталған.
Енді медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу бір жүйеде жүргізіледі. Қолмен жасалатын жұмыстар азайып, шешімдер нақты деректерге негізделеді.
ӘМСҚ Цифрлық даму орталығы басшысының орынбасары Гаухар Жанайдарованың айтуынша, Qalqan МӘМС жүйесінің «цифрлық қалқанына» айналады: ол пациенттердің құқығын қорғап, медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, адал медициналық ұйымдарға төлемдерді автоматтандыру арқылы қолдау көрсетеді және мемлекетке қаражатты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Отбасылық медицина клиникасында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.
Клиника қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, сенбілік жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Тазалық – денсаулық кепілі! Баршаңызды табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамыз 🌿

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Отбасылық медицина клиникасының дәрігерлері кәмелетке толмаған білім алушыларға арналған маңызды дәріс өткізді.Іс-шара барысында жастарға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс тамақтану және жеке гигиенаны сақтау туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.Дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәрігерлерден нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.