
📢 01.04.2026 күні клиникамызда маңызды Ашық есік күні өтті. Онколог дәрігер Тилегенова Э.З.-ның қатысуымен «Сүт безі обыры, колоректальды обыр, өкпе обыры» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында:
🔹 онкологиялық аурулардың алдын алу жолдары
🔹 ерте диагностиканың маңыздылығы
🔹 заманауи скринингтік зерттеулер туралы ақпараттар берілді
Сонымен қатар, аталған тақырыптар бойынша пациенттерге ақпараттық брошюралар таратылды. Бұл материалдар скринингтік тексерулерге дұрыс дайындалу және олардың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.
💙 Ерте анықтау — өмірді сақтайды!
Өз денсаулығыңызды назардан тыс қалдырмаңыз!

