
Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы
«Дүние» колледжі, АКНИГ және Еуропалық бизнес, экономика және құқық колледждерінің студенттері мен ата-аналары арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Іс-шараға гинеколог Үмбетова С.Р. қатысып, келесі тақырыптарда ақпарат берді:
– Репродуктивті денсаулықтың маңызы
– Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары
– Ата-ана мен баланың ашық диалогы
– Жауапкершілікпен қарым-қатынас орнатудың жолдары
✨ Кездесу жастарға қажетті білім беріп, саналы шешім қабылдауға ықпал етті.

13 қазан күні «Рика ТВ» телеарнасында «Из первых рук» бағдарламасында Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары Анна Каспировамен және отбасылық медицина клиникасының жастар денсаулық орталығының дәрігеріаяжан Дусиповамен сұхбат шықты.
Эфирде мамандар өздерінің АИТВ-статусын білудің маңыздылығы, тегін тестілеуден қайда өтуге болатындығы,сондай-ақ АИТВ орталығы мен жастар денсаулық орталығының бірлескен жұмысы туралы айтып берді.
Аяжан Дусипова ЖДО қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды: мамандар жастармен қалай жұмыс істейді,профилактикалық әңгімелер,репродуктивті денсаулық және АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша оқыту тренингтері мен консультациялар өткізді.
Денсаулық снадан басталады,тексеру дегеніміз-өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасау!

ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА КЛИНИКАСЫ - ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ
15 қазан күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Отбасылық медицина клиникасына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келіп, мекеменің жұмысымен танысқан еді. Министр клиника ұжымының бастамалары мен жобаларын жоғары бағалап, өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдірудегі үлесін атап өткен болатын.
1997 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан бұл клиника — Ақтөбедегі «Отбасылық дәрігер» қағидаты бойынша жұмыс істейтін бірегей орталық.
2024 жылдың сәуір айынан бастап клиникаға «Үздік тәжірибе орталығы» мәртебесі берілген.
Мұнда медициналық қана емес, әлеуметтік және психологиялық көмек те кешенді түрде көрсетіледі.
Клиника құрамында:
- «Самғау» жастар денсаулық орталығы – 10–29 жас аралығындағы жастарға сенімді, қолжетімді көмек көрсетеді;
- «Тәуелсіз мейірбикелік практика» жобасы – тәжірибелі мейірбикелердің дербес қабылдау жүргізу жүйесін енгізді;
- «Тұрғындарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және алдын алу» жобасы – әлеуметтік осал отбасылармен, балалармен және студенттермен белсенді жұмыс жүргізеді.
Бүгінде клиника – жаңа идеялар мен инновациялардың алаңы. Мұнда отбасылық дәрігерлер мен резиденттер тәжірибе жинақтап, ғылыми жобаларды практикамен ұштастырады.
🩺 Б. Түлкібаева басқаратын ұжымның басты мақсаты – халыққа сапалы және жан-жақты медициналық көмек көрсету.

Ақпараттық іс-шара
📍 Отбасылық Медицина Клиникасы | Ақпараттық іс-шара
14 қазан күні клиникамызда М. Оспанов атындағы БҚМУ студенттерінің қатысуымен маңызды ақпараттық кездесу өтті.
Талқыланған тақырыптар:
🔹 Репродуктивті денсаулық
🔹 Қауіпті мінез-құлық факторлары
🔹 Жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын алу
🧠 Іс-шараға клиника психологтары қатысып, пайдалы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, «Сенім телефоның» атты сауалнама жүргізілді.
📣 Мұндай кездесулер жастардың денсаулығына және өмірге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
#ОтбасылықМедицинаКлиникасы #СӨС #ПсихологиялықДенсаулық #РепродуктивтіДенсаулық #Жастар #Ақтөбе

Қызғылт Қазан айлығы
📍 Отбасылық медицина клиникасы | Қызғылт Қазан айлығы
13 қазан күні клиникамызда Дүниежүзілік “Қызғылт қазан” — сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айлығы аясында пациенттерге арналған семинар-лекция өтті.
🔹 Лекцияны онколог-дәрігер Тилегенова Э.З. жүргізіп, келесі маңызды тақырыптар талқыланды:
– Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу
– Ерте диагностика және скрининг маңыздылығы
– Өз-өзін тексеру әдістері
– Дұрыс өмір салтының әсері
🎗 Пациенттер өз сұрақтарын қойып, онколог маманнан пайдалы кеңестер алды.
Сүт безі қатерлі ісігі — ерте анықталса, емделеді. Абай болыңыз, уақтылы тексеріліңіз!
#ҚызғылтҚазан #СүтБезіҚатерліІсігі #ОнкологиялықСауаттылық #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Ақтөбе

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
🧠 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
📍 Отбасылық медицина клиникасы
Бүгін студенттер арасында «Тревождық деңгейін анықтауға арналған сауалнама» жүргізілді.
🎯 Мақсаты – жастар арасында психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, ішкі күйзеліс белгілерін ерте анықтауға назар аударту.
💬 Есіңізде болсын: Психикалық денсаулық – жалпы денсаулықтың ажырамас бөлігі!
---
🧠 10 октября – Всемирный день психического здоровья
📍 Клиника семейной медицины
Сегодня среди студентов был проведён опросник уровня тревожности.
🎯 Цель — напомнить о важности психоэмоционального состояния и своевременной заботе о себе.
💬 Психическое здоровье – это тоже здоровье!
#ДүниежүзілікПсихикалықДенсаулықКүні #MentalHealth #КлиникаСемейнойМедицины #ЗОЖ #Актобе


Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
6 қазан күні біздің клиникада «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында студенттер мен пациенттерге арналған лекция-семинар өтті 🥗✨
🔹 Іс-шараға салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Тулебаева Б. қатысып, тыңдаушыларға:
– Теңгерімді және пайдалы тағам принциптері
– Студенттік өмірде дұрыс тамақтанудың маңызы
– Күнделікті рационды қалай құру керек екенін түсіндіріп берді
📚 Тыңдаушылар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.
💬 Кездесу «Денсаулық – өз қолыңда» деген ұранмен аяқталды.
#КлиникаСемейнойМедицины #ЗОЖ #ДұрысТамақтану #СтуденттерҮшін #Актобе
📍6 октября в нашей клинике с участием специалиста кабинета формирования ЗОЖ Тулебаевой Б. прошла лекция-семинар на тему:
«Здоровое питание — залог здоровья» 🥗✨
🔹 Студенты и пациенты узнали:
— Как питание влияет на мозг и настроение
— Что значит сбалансированный рацион
— Как избежать типичных ошибок в еде
— И как правильно питаться в студенческой суете
📚 Атмосфера была живой и познавательной — участники задавали вопросы и делились своими привычками.
💬 Завершили встречу мотивацией: «Здоровье начинается с тарелки!»
#КлиникаСемейнойМедицины #ЗдоровоеПитание #ДеньЗОЖ #Актобе #СтудентыЗОЖ

Психикалық денсаулық бойынша айырмашылықты жою жөніндегі жобаның іс-қимыл бағдарламасы.
Жоба жүйелі өзгерістерді енгізуге бағытталған: психологиялық қолдау қызметін дамыту және әрбір адам естігенін сезінетін қолайлы орта құру.
Бүгінгі таңда университет және колледж студенттерімен, сондай-ақ тіркеуде тұрған науқастармен, әлеуметтік осал отбасылармен, қабылдауларда, жекелей сауалнамалар, тесттер, тренингтер өткізілді.
Нәтижесі: әлеуметтік-психологиялық қызметке деген сенімділік, мемлекеттің, кәсіби қоғамдастықтың білім беру мекемелерімен және азаматтардың өздері қатысуымен кешенді көзқарас.

2025 жылдан бастап Отбасылық медицина клиникасында «Ақылмандар кеңесі» құрылды.
Бұл – медиацияның жоғарғы органы болып табылатын, ұйым ішіндегі беделді, тәжірибелі мамандар мен ардагерлерден жасақталған кеңес.
Кеңестің басты ұраны:
«Біз тұрғындарға қолайлы, кешенді, сапалы көмек көрсететін ұйымбыз.»
Мақсаты:
Ұжымішілік қарым-қатынасты жақсарту, қызметкерлер мен пациенттердің қанағаттанушылығын арттыру, дау-жанжалдардың алдын алу және сындарлы шешім қабылдауға қолдау көрсету.

Бүгін 4 қазан күні Отбасылық медицина клиникасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді. 🌿🧹
Тазалық — әрқайсымыздан басталады! 💚
#ТазаҚазақстан #Сенбілік #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Экология #ЧистаяСреда

2025 жылдың 03 қазан күні Отбасылық медицина клиникасында 30 және 45 жас аралығындағы қызметкерлерге арналған, психолог мамандарының ұйымдастыруымен Спорттық тимбилдинг өткізілді.
Басты мақсаты: қызметкерлер арасындағы бірлікті, сенімді, және ынтымақтастықты арттыру.Спорттық ойындар мен жарыстар барысында әріптестер бір-бірімен ашық сөйлесіп, тиімді байланыс орнатты.

1 қазан – Қарттар күніне орай Отбасылық медицина клиникасында Ашық есік күні өтті🏥
Іс-шараға М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттері мен тар бейінді мамандар қатысты.
Құрметті пациенттеріміз белсенділік танытып, маңызды сұрақтар қойды. Сонымен қатар, үйде есепте тұрған қарт пациенттер де назардан тыс қалмады — үй жағдайында тексерулер жүргізіліп, қан анализдері алынды және ЭКГ жасалды.
Іс-шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды 🎁💝
#ҚарттарКүні #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #АшықЕсікКүні
1 октября ко Дню пожилых людей в Клинике семейной медицины прошел День открытых дверей🏥
Акция прошла с участием узких специалистов и студентов ЗКМУ им. М.Оспанова. Наши уважаемые пациенты активно участвовали, задавали вопросы. Также было уделено внимание нашим пожилым пациентам на дому. Были взяты анализы для обследования и снятие ЭКГ. Пациенты получили памятные призы и подарки🎁 💝

29 қыркүйекте «Отбасылық медицина клиникасында» ерекше күн өтті 💓
Дүниежүзілік жүрек күніне орай кардиолог дәрігер Жетібаева Арайлым Бауржановна пациенттерге арналған Ашық есік күнін өткізді.
🫀 Қабылдау барысында жүрек саулығы, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу және салауатты өмір салтының маңызы талқыланды.
✨ Пациенттер маманнан құнды кеңестер алып, тегін консультациядан өтті.
Жүрегіңізді сақтаңыз — ол жалғыз! ❤️
#ДүниежүзілікЖүрекКүні #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Кардиология #Денсаулық
29 сентября в «Клинике Семейной Медицины» прошёл особенный день 💓
В честь Всемирного дня сердца врач-кардиолог Жетибаева Арайлым Бауржановна провела День открытых дверей для пациентов.
🫀 Во время приёма обсуждали важность заботы о сердце, профилактику сердечно-сосудистых заболеваний и принципы здорового образа жизни.
✨ Пациенты получили профессиональные рекомендации и прошли консультацию специалиста.
Берегите своё сердце – оно у вас одно! ❤️
#ВсемирныйДеньСердца #КлиникаСемейнойМедицины #кардиология #здоровье #профилактика


Ақтөбедегі отбасылық медицина клиникасында үздік тәжірибелерді енгізу мәселесі талқыланды. Клиника Батыс Қазақстан медицина университетінің құрамына кіреді. Мұнда екі жыл бұрын Үздік тәжірибелер орталығы ашылып, науқастарды емдеудің озық әдістері енгізілуде.
Орталықтың басты мақсаты — аймақтарда алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсарту, медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру және халық денсаулығын нығайту.Сонымен қатар, мұнда ерлер денсаулығы, сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру сынды бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда бұл жоба тек Батыс өңірінде, атап айтқанда Ақтөбе қаласында іске асырылуда.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы бұл бастаманың авторы — Ұлттық «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек» қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков Ақтөбеге арнайы келіп, әріптестерімен тәжірибе алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.
Внедрение передовых практик обсуждали в актюбинской клинике семейной медицины.Она является частью Западно-Казахстанского медицинского университета и здесь был открыт Центр лучших практик, где используются передовые методы лечения пациентов.
Центр лучших практик в Актобе был открыт два года назад. Он направлен на улучшение качества медицинского обслуживания. Его главная цель — совершенствование первичной медико-санитарной помощи в регионах, повышение профессионального уровня специалистов и укрепление здоровья населения.Кроме того, здесь реализуется ряд проектов по направлениям мужского здоровья, профилактики рака молочной железы, продвижения здорового питания и других новаций.
В настоящее время данный проект реализуется только в Актобе, в Западном регионе страны.
Автор данной инициативы в области развития системы здравоохранения, президент Национальной ассоциации «Первичная медико-санитарная помощь» Толебай Рахыпбеков прибыл в Актобе. Он обменялся опытом с коллегами и дал рекомендации.

2025 жылғы 15 қыркүйекте жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ОӨБ қолдауымен және жол полициясының қатысуымен «Назар аудар – жаяу жүргінші!» акциясы өткізілді.
Шара «Нұрдаулет» сауда орталығының алдындағы жаяу жүргіншілер өткелінде өтті. Акция аясында студенттердің қатысуымен флешмоб ұйымдастарылып, олар плакаттар мен көрнекі үгіт материалдары арқылы азаматтарға жол қозғалысы ережелерінің маңыздылын еске салды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстры жүргізіліп, ақпараттық-білім беру материалдарды таратылды.
Акцияның мақсаты – жолдағы мәдиниеттілікті арттыру, тұрғындардың өз қауіпсіздігі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін қалыптастыру.

Халық кеңесінің мүшелері аталған мәселелер бойынша белсенді пікір алмасты және алдағы жұмыстарға нақты ұсыныстар берілді.

2025 жылдың 15 қыркүйек күні Отбасылық медицина клиникасының тұрғындар арасында тұмаудың алдын алу және вакцинацияның маңызы туралы түсіндіру жұмысын дәрігер-эпидемиолог Есекенов Д.К. жүргізді. Денсаулығымызды қорғаудың ең тиімді жолы – дер кезінде сақтық шараларын жасап, екпе алу!
✅ Вакцинация – ең тиімді қорғаныс тәсілі, ауруға шалдығу мен асқыну қаупін азайтады.
✅ Қолды жиі жуу, сабынмен немесе антисептикпен өңдеу – вирустың таралу мүмкіндігін төмендетеді.
✅ Ауырған адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу.
✅ Бөлмелерді желдету және ылғалды тазалау – ауадағы вирустардың мөлшерін азайтуға көмектеседі."

Денсаулық — басты байлық!
2025 жылдың 4 қыркүйек күні Отбасылық медицина клиникасының психолог мамандарының бастамасымен 50 жастан асқан қызметкерлерге арналған спорттық тимбилдинг пен жаттығу шарасы ұйымдастырылды. 🌿
🔹 Іс-шара мақсаты:
— Денсаулықты нығайту
— Жүрек-қантамыр жүйесін жақсарту
— Буындардың икемділігін сақтау
— Бұлшық ет тонусын қалыпта ұстау
🤝 Сонымен қатар, командалық рухты арттырып, әріптестер арасындағы сенім мен бірлікті нығайтуға бағытталды.
✨ Белсенді өмір салты – ұзақ әрі сапалы өмір кепілі. Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен көңіл-күйі – біз үшін маңызды! 💚
#тимбилдинг #денсаулық #мотивация #отбасылықмедицина #психология #спорттыөмір