



Қадірлі емделушілер!
Жан қуантып жанардағы жылылық,
Оянады үзілмеген бір үміт,
Дәрігердің инесінің ұшында,
Қанша жанның тағдыры тұр ілініп.
Қазақстан Республикасының 7 шілде 2020 жылғы №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 35-бабына сәйкес пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі құрылды.
Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметінің міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу туралы дәлелдерді анықтау жатады.
Осыған байланысты, егер де келесі жағдайлар туындаса:
Объективтілік пен ашықтық қағидаларын сақтау мақсатында, Сіздің өтінішіңіз комиссия шеңберінде қаралады.
Сізге ыңғайлы болуы үшін өзіңіздің аты-жөніңіз бен байланыс деректеріңіз (телефон,мекен-жай) көрсетілген жазбаша өтінішіңізді Отбасылық медициналық клиникасының кіреберісіндегі арнайы өтініштер жәшігіне салсаңыз болады.Сондай-ақ өтінішіңізді біздің электрондық поштамызға жібере аласыз:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Инстаграм:ksm.zkmu.aktobe
Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді ең қысқа уақыт аралығында қарастырып, және бес күнтізбелік күннен ұзатпай сізге өтінішіңіздің қарастырылуының нәтижелері туралы ақпараттарды ұсынады.
Пациентке қолдау көрсету қызметі мәселелері бойынша бірінші қабатта орналасқан кабинетке жолыға аласыз.
Сізге көмектеседі:
Базарбаева Сулу Кубашовна-пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметінің басшысы. 1-қабат.
Жубатова Дина Елеубаевна-Отбасылық медицина клиникасының бөлім меңгерушісі. 2-қабат,201-кабинет.
Таскинбаева Ардак Дузелбайқызы-Отбасылық медициналық клиникасының бас медбикесі. 2-қабат, 201-кабинет.
Байланыс телефондары:
Call-центр 8-7132-24-98-77
8-7132-54-48-75
8-7132-24-90-61
Біздің ұйымымызда медициналық көмектің сапасын жақсартуға арналған өтініштеріңіз,пікірлеріңіз,ұсыныстарыңыз үшін алғыс айтамыз!