
№2 жалпы тәжірибелік дәрігері Джанабаев А.Т. 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша өз учаскесінде көрсетілген медициналық көмектің негізгі көрсеткіштері туралы толық ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, скринингтік тексерулердің орындалуы талқыланып, нысаналы топтар арасында ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіштері көрсетілді. Скрининг нәтижесінде бірқатар созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар анықталып, науқастар диспансерлік есепке алынды және тиісті емдеу-алдын алу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, учаске бойынша жалпы аурушаңдық деңгейі сараланып, өткен кезеңмен салыстырмалы түрде талдау жасалды. Бұдан бөлек, Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау дәрігері Кәдірғали Г.Е. 2026 жылдың I тоқсаны бойынша келіп түскен арыз-шағымдарға талдау жасап, олардың құрылымы мен негізгі себептерін баяндады. Талдау барысында пациенттердің едәуір бөлігі дәрігер қабылдауына уақытылы кіре алмау мәселесін көтергені анықталды. Арыз-шағымдарда белгіленген қабылдау уақытының сақталмауы, кезектің ұзақтығы және дәрігерлердің жүктемесінің жоғары болуы негізгі себептер ретінде көрсетілген. Осыған байланысты пациенттерді уақытында қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында алдын ала жазылу жүйесін жетілдіру, дәрігерлердің жұмыс жүктемесін оңтайландыру қажеттілігі атап өтілді.
