Наурыздың 28-і мен мамырдың 30-ы аралығында қаламызда тазалықтың екі айлығы өтеді. Әр бейсенбі – «Таза бейсенбі», әр сенбі – сенбілік! Бұл жай ғана науқан емес, бұл – біздің қалаға деген қамқорлығымыздың сынағы.
Ардақты ағайын!
Біздің қала – жай ғана картадағы нүкте емес. Бұл – біздің балалық шағымыз өткен аула, алғашқы қадамымыз басылған көше.
Бұл — «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған игі іс.
Осы бастамаға Отбасылық медицина клиникасы ұжымы да белсенді түрде қатысып, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосады. Баршаңызды ортақ іске атсалысуға шақырамыз!




