log 2023

Отбасылық
медицина
клиникасы

 

 

  • слайд 6
  • слайд 9
  • слайд 4
  • слайд 15
  • слайд 1
  • слайд
  • слайд 10
  • слайд 11
  • слайд 2
  • слайд 5
  • слайд 13
  • слайд 8
  • слайд 7
  • слайд 16
  • слайд 12

Клиникамызда меланома, тері обыры және қалқанша безі обырының алдын алу мен ерте анықтауға арналған бірыңғай Ашық есік күні өткізілді.

 

WhatsApp Image 2026-06-11 at 09.20.48.jpeg

 Клиникамызда меланома, тері обыры және қалқанша безі обырының алдын алу мен ерте анықтауға арналған бірыңғай Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға тегін кеңес беріліп, аурулардың алғашқы белгілері, қауіп факторлары және алдын алу жолдары туралы ақпарат ұсынылды. Мамандар ерте диагностиканың маңыздылығын түсіндіріп, денсаулыққа ұқыпты қарауға шақырды.

Ашық есік күніне қатысқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз! Денсаулық — басты байлық.

В нашей клинике был проведён единый День открытых дверей, посвящённый профилактике и раннему выявлению меланомы, рака кожи и рака щитовидной железы.

В ходе мероприятия жители получили бесплатные консультации специалистов, информацию о первых признаках заболеваний, факторах риска и мерах профилактики. Врачи подчеркнули важность ранней диагностики и призвали внимательно относиться к своему здоровью.

Благодарим всех жителей, принявших участие в Дне открытых дверей! Здоровье — главная ценность.

Толығырақ...

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай маңызды тақырыпты еске саламыз - балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу

 

WhatsApp Image 2026-06-11 at 09.18.46.jpeg

  🪟 Халықаралық балаларды қорғау күніне орай маңызды тақырыпты еске саламыз - балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу

Жылы мезгілдің келуімен ашық терезелер кішкентай балалар үшін қауіптің көзіне айналады. Алайда мұндай жағдайлардың көпшілігін қарапайым қауіпсіздік шаралары арқылы болдырмауға болады.

❗️ Есте сақтаңыз: москит торы құлаудан қорғамайды. Балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы терезе құлыптарын, ашылу шектеуіштерін, қорғаныс торларын және қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектесетін басқа да қауіпсіздік құрылғыларын пайдалану ұсынылады.

Карточкаларда бала үшін үйді қауіпсіз етуге көмектесетін шешімдер туралы айтып береміз 🔼

❤️ Балалардың қауіпсіздігі ересектердің назарынан басталады

Толығырақ...

Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай балаларға көтеріңкі көңіл күй мен шаттық сыйлаған «Qamqor» кәсіподақ ұйымына шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

WhatsApp Image 2026-06-11 at 09.15.55.jpeg

  Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай балаларға көтеріңкі көңіл күй мен шаттық сыйлаған «Qamqor» кәсіподақ ұйымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Ұйымдастырылған мерекелік шара бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлап, жарқын әсер қалдырды. Ізгі бастамаларыңыз бен балаларға деген қамқорлықтарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, ұйымдарыңызға өркендеу тілейміз!

В честь Всемирного дня защиты детей выражаем искреннюю благодарность профсоюзной организации «Qamqor» за подаренные детям радость, хорошее настроение и счастливые эмоции.

Организованное праздничное мероприятие подарило малышам особую радость и оставило яркие впечатления. Благодарим вас за добрые инициативы и заботу о детях.

Желаем успехов в вашей работе, а вашей организации — дальнейшего процветания! 💙

Толығырақ...

Балаларды қорғау күніне орай Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері Нұрбаев С.М. және кәсіподақ өкілдері бірге кішкентай бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

 

WhatsApp Image 2026-06-11 at 09.13.24.jpeg

  Балаларды қорғау күніне орай Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері Нұрбаев С.М. және кәсіподақ өкілдері бірге кішкентай бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан олардың денсаулығы мен бақытты балалық шағы әрқашан басты назарда болуы тиіс.

Мереке барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, қуанышты сәттер мен жарқын эмоциялар тарту етілді.

Әр балаға мықты денсаулық, шаттық пен жарқын болашақ тілейміз! 💙

В честь Международного дня защиты детей, главный врач Клиники семейной медицины Нурбаев С.М. совместно с представителями профсоюза поздравили маленьких детей с праздником.

Дети — наше будущее, поэтому их здоровье и счастливое детство всегда должны быть в центре внимания.

В ходе мероприятия детям подарили хорошее настроение, радостные эмоции и незабываемые моменты.

Желаем каждому ребёнку крепкого здоровья, счастья и светлого будущего! 💙

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасының қызметкерлері бас дәрігердің жетекшілігімен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізді.

 

 

WhatsApp Image 2026-06-09 at 16.00.44.jpeg

  Отбасылық медицина клиникасының қызметкерлері бас дәрігердің жетекшілігімен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Мереке барысында кішкентай қонақтарға қызықты ойындар, көңілді сайыстар, сыйлықтар ұйымдастырылып, шаттық пен қуанышқа толы ерекше атмосфера сыйланды.

Іс-шараның басты мақсаты — балаларға көтеріңкі көңіл-күй, мейірім мен қамқорлық көрсету. Себебі балалар — біздің болашағымыз, ал олардың денсаулығы мен бақыты әрқашан басты назарда.

Осындай жарқын күнге атсалысқан барлық қызметкерлерге, ата-аналарға және кішкентай қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! 💙

Сотрудники Клиники семейной медицины во главе с главным врачом провели яркий и добрый детский праздник, посвящённый Всемирному дню защиты детей — 1 июня.

Для маленьких гостей были организованы веселые игры, конкурсы, подарки и праздничная атмосфера, наполненная улыбками и радостью.

Главная цель мероприятия — подарить детям счастливые эмоции, внимание и заботу. Ведь дети — это наше будущее, и их здоровье, безопасность и счастье всегда остаются в приоритете.

Благодарим всех сотрудников, родителей и маленьких участников за этот тёплый и незабываемый день! 💙

Толығырақ...

Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен ННЦРЗ Басқарма Төрағасының орынбасары — Каржаубаева Шолпан Естемесқызы келді. Шақырылған сарапшылармен, жасөспірімдермен жұмыс жасаудың заманауи тәсілдеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді.

WhatsApp Image 2026-06-09 at 15.35.37.jpeg

Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен ННЦРЗ Басқарма Төрағасының орынбасары — Каржаубаева Шолпан Естемесқызы келді. Шақырылған сарапшылармен, тәжірибелі дәрігерлер және психологтармен бірлесіп жасөспірімдер денсаулығы, жастардың психоэмоционалдық жағдайы, репродуктивті денсаулық және жасөспірімдермен жұмыс жасаудың заманауи тәсілдеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді.

Біздің клиникадан оқуға МЦЗ «Самғау» дәрігері Жармагамбетова Д. А., психолог Аугалиева Э. Қ. және СӨСҚ медбикесі Тулебаева Б. Б. қатысты.

С рабочим визитом в Актобе прибыла заместитель Председателя Правления ННЦРЗ — Каржаубаева Шолпан Естемесовна. Совместно с приглашёнными экспертами, практикующими врачами и психологами были проведены обучающие семинары, посвящённые вопросам подросткового здоровья, психоэмоционального состояния молодежи, репродуктивного здоровья и современным подходам в работе с подростками.

От нашей клиники обучение прошли: врач МЦЗ «Самғау» Жармагамбетова Д. А., психолог Аугалиева Э. К. и медсестра ФЗОЖ Тулебаева Б. Б.

Толығырақ...

⚡️ Энергетиктер - қандай қауіпі бар?

 

WhatsApp Image 2026-06-09 at 15.28.17.jpeg

⚡️ Энергетиктер - қандай қауіпі бар?

Энергетиктер - бұл кофеин мен басқа да стимуляторлардың (таурин, гуарана, қант) жоғары мөлшері бар сусындар. Олар орталық жүйке жүйесі мен жүрек-қан тамыр жүйесіне айқын әсер етеді.

Энергетикалық сусындар тез сергітудің жолы сияқты көрінгенімен, оларды жиі қолдану ағзаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

☕ Бір банкада шамамен 70-240 мг кофеин болады, ал «энергетикалық шоттарда» одан да көп концентрация болуы мүмкін. Ересектер үшін қауіпсіз шек - күніне шамамен 400 мг, бірақ әр адамның сезімталдығы әртүрлі.

🧠 Кофеин аденозинді (ұйқышылдық тудыратын зат) бөгейді, сондықтан уақытша сергектік пен зейінділікті арттырады.

Бірақ келесі әсерлер болуы мүмкін:

— мазасыздық және «ішкі діріл»

— ұйқысыздық

— бас ауруы

— ашушаңдық.

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасы «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен» бірлесе отырып,2026–2029 жылдарға арналған Ұлттық аккредиттеудің I санатына ие болғанын қуанышпен хабарлаймыз! 🏅

 

WhatsApp Image 2026-06-09 at 11.56.58.jpeg

Отбасылық медицина клиникасы «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен» бірлесе отырып,2026–2029 жылдарға арналған Ұлттық аккредиттеудің I санатына ие болғанын қуанышпен хабарлаймыз! 🏅

Бұл — медициналық көмектің сапасына, мамандардың кәсібилігіне және денсаулық сақтау саласының заманауи талаптарына сәйкестігіне берілген жоғары баға.

Аккредиттеу — ұжымның күнделікті еңбегінің, пациент қауіпсіздігі мен сапалы медициналық қызмет көрсетуге деген жауапкершілігінің нәтижесі.

Барша қызметкерлерімізге және сенім білдірген пациенттерімізге алғыс айтамыз!

Алдағы уақытта да халық денсаулығы жолында қызмет ете береміз ❤️

Толығырақ...

Клиникамызда Дүниежүзілік гипертониямен күрес күніне орай кардиолог дәрігер Жетибаева А. Б.-ның қатысуымен семинар өтті.

 

WhatsApp Image 2026-06-09 at 11.52.07.jpeg
 
Клиникамызда Дүниежүзілік гипертониямен күрес күніне орай кардиолог дәрігер Жетибаева А. Б.-ның қатысуымен семинар өтті.
 
Іс-шара барысында артериялық гипертонияның алдын алу, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану және қан қысымын бақылаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, дәрігердің кеңестерін тыңдады.

Толығырақ...

🩺 Артериялық гипертензиямен күресудің дүниежүзілік күні

 

WhatsApp Image 2026-06-09 at 11.46.20.jpeg

🩺 Артериялық гипертензиямен күресудің дүниежүзілік күні

Дұрыс тамақтану — артериялық қысымды бақылау мен алдын алудың маңызды бөлігі. Әсіресе тұзды шамадан тыс қолдануды шектеу қажет.

❗ Тұзды қолдану мөлшері тәулігіне 5 грамнан аспауы тиіс (тағам құрамындағы жасырын тұзбен бірге шамамен 1 шай қасық).

5\ \text{г тұз тәулігіне} \approx 1\ \text{шай қасық}

Тұзды көп пайдалану ағзада сұйықтықтың жиналуына және қан қысымының жоғарылауына әкеледі.

🔹 Шектеу қажет:

* шұжық өнімдері

* тұздалған және маринадталған тағамдар

* фастфуд

* чипсы мен жеңіл тағамдар

* соустар мен майонез

🔹 Рационға қосыңыз:

* көкөністер мен жемістер

* калийге бай тағамдар

* жеткілікті мөлшерде су

* тұздың орнына табиғи дәмдеуіштер

Денсаулығыңызды күтіңіз және артериялық қысымды тұрақты бақылауда ұстаңыз! 💙

Толығырақ...

🩺 Неліктен қан қысымын өлшеу маңызды?

 

WhatsApp Image 2026-06-09 at 11.43.42.jpeg

🩺 Неліктен қан қысымын өлшеу маңызды?

Артериялық қан қысымы - бұл қанның тамыр қабырғаларына түсіретін күші.

🔼 Жоғары қан қысымы (гипертония) инсульт немесе жүрек аурулары сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін, бірақ көбіне ешқандай белгісіз өтеді. Оны анықтаудың жалғыз жолы - тұрақты түрде өлшеу.

🔽 Төмен қан қысымы (гипотония) бас айналу, әлсіздік немесе талып қалу сияқты белгілермен көрінуі мүмкін.

📊 Қалыпты көрсеткіштер:

✔️ шамамен 120/80 мм сын.бағ. - оңтайлы

✔️ 130/85 мм сын.бағ. дейін - көптеген ересектер үшін қалыпты шек

⚠️ 140/90 мм сын.бағ. жоғары - жоғары қан қысымы

📍 Қан қысымын:

— көптеген дәріханаларда

— емханаларда

— үйде тонометр арқылы тексеруге болады.

💡 Қан қысымын тұрақты бақылау аурулардың алдын алып, асқынуларды ерте анықтауға көмектеседі.

──────────────

Толығырақ...

Дүниежүзілік қозғалыс күніне орай «Скандинавиялық жүріс» марафоны ұйымдастырылды.

 

WhatsApp Image 2026-06-09 at 11.41.27.jpeg

Дүниежүзілік қозғалыс күніне орай «Скандинавиялық жүріс» марафоны ұйымдастырылды. Клиника қызметкерлері мен пациенттері марафонға белсенді қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға сергектік пен жағымды әсер сыйлады.

Толығырақ...

🥗 Тіскебасарлар - күн бойы энергия мен зейінді сақтаудың тәсілі.

 

WhatsApp Image 2026-06-08 at 11.47.58.jpeg

🥗 Тіскебасарлар - күн бойы энергия мен зейінді сақтаудың тәсілі.

💚 Ең бастысы - ағзаға пайда беріп, ұзақ тоқтық сезімін сыйлайтын өнімдерді таңдау.

👌 Біз өзіңізбен бірге алып жүруге немесе бірнеше минутта дайындауға болатын қарапайым әрі дәмді пайдалы тіскебасар идеяларын жинадық.

──────────────

🥗 Перекусы - это способ поддерживать энергию и концентрацию в течение дня.

💚 Главное - выбирать продукты, которые дают организму пользу и насыщение.

👌 Собрали несколько идей простых и вкусных здоровых перекусов, которые легко взять с собой или приготовить за пару минут.

Толығырақ...

📢 Құрметті тұрғындар! Отбасылық медицина клиникасында әр сәрсенбі күні бас дәрігердің қабылдауы өтеді.

 

WhatsApp Image 2026-06-08 at 11.36.43.jpeg

📢 Құрметті тұрғындар!

Отбасылық медицина клиникасында әр сәрсенбі күні бас дәрігердің қабылдауы өтеді.

Қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына байланысты мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Біздің мақсатымыз – халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету, әр пациенттің өтінішіне мұқият қарау.

📅 Қабылдау күні: әр сәрсенбі

📍 Өтетін орны: Отбасылық медицина клиникасы

Толығырақ...

"МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын ба" деген сұрақпен азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жиі жүгінеді.

 

WhatsApp Image 2026-06-08 at 12.18.51 (1).jpeg
 
 
"МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын ба" деген сұрақпен азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жиі жүгінеді. 
 
Мәртебеңізді келесі тәсілдердің бірі арқылы оңай тексере аласыз: 
🔹 eGov.kz порталы арқылы – жеке кабинетіңізде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз бен аударылған жарналар туралы ақпарат қолжетімді
🔹 msqory.kz сайтында
🔹 Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы
🔹 Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында  
🔹 Damumed мобильді қосымшасында
🔹 банктердің мобильді қосымшаларында

Толығырақ...

🧂 2026 жылғы 11-17 мамыр - Тұз туралы хабардарлық апталығы (Salt Awareness Week)

 

WhatsApp Image 2026-06-08 at 12.18.50.jpeg

🧂 2026 жылғы 11-17 мамыр - Тұз туралы хабардарлық апталығы (Salt Awareness Week)

Тұзды шамадан тыс тұтыну - денсаулыққа төнетін жасырын қауіптердің бірі. Ол артериялық қысымды жоғарылатып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульт қаупін едәуір арттырады. Бұл аурулар әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің қатарында қалып отыр.

🔎 Рациондағы тұздың негізгі көзі - тұз салғыш емес, қайта өңделген және қапталған тағам өнімдері.

💡 Тұзды тұтынуды азайту - аурулардың алдын алуға және денсаулықты жақсартуға көмектесетін қарапайым әрі тиімді қадам.

Тек әдеттерді өзгерту ғана емес, мемлекет пен тамақ өнеркәсібі деңгейінде де шараларды күшейту маңызды.

📌 Тұз туралы хабардарлық апталығы аясында біз күн сайын осы тақырып бойынша бір пайдалы факт жариялайтын боламыз.

──────────────

🧂 11-17 мая 2026 - Неделя осведомленности о соли (Salt Awareness Week)

Чрезмерное потребление соли - одна из скрытых угроз здоровью. Оно повышает артериальное давление и значительно увеличивает риск сердечно-сосудистых заболеваний.

 

Халықаралық мейірбикелер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-05-15 at 14.27.23.jpeg

 

  Халықаралық мейірбикелер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының атынан және кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, бірқатар қызметкерлер адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ...

Халықаралық мейіргерлер күніне орай Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері дәрігерлермен бірге мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады!

WhatsApp Image 2026-05-12 at 20.50.28.jpeg

  Халықаралық мейіргерлер күніне орай Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері дәрігерлермен бірге мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады!

Таңертең жұмыс күні басталар алдында мейіргерлерді жылы лебізбен, гүлдермен және жағымды сыйлықтармен қарсы алды. Мерекелік көңіл-күй, шынайы алғыс пен жарқын эмоциялар олардың елеулі еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі болды.

Мейіргер — бұл тек мамандық қана емес, бұл күн сайынғы қамқорлық, мейірім мен шыдамдылықтың көрінісі. Барлық мейіргерлерге адал еңбегі, кәсібилігі және адам жанына деген жанашырлығы үшін алғысымызды білдіреміз! 💐

Толығырақ...

9 мамыр — Жеңіс күніне орай М. Оспанов атындағы БҚМУ-да ұзақ жылдар бойы атқарған адамдарға еңбегі үшін алғыс пен құрмет білдірілді.

 

WhatsApp Image 2026-05-13 at 15.15.44.jpeg

🎖️ 9 мамыр — Жеңіс күніне орай

  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің кәсіподақ ұйымының өкілі Айбасова К. А., Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері Нурбаев С. М. және кәсіподақ өкілі Аугалиева Э. К. тарапынан

М. Оспанов атындағы БҚМУ-да ұзақ жылдар бойы атқарған адамдарға еңбегі үшін алғыс пен құрмет білдірілді.

🙏 Көпжылдық еңбегі мен медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз!

Зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасының патронажды мейірбикелері үйлерді аралап, балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

WhatsApp Image 2026-05-13 at 15.15.43 (1).jpeg

  Отбасылық медицина клиникасының патронажды мейірбикелері үйлерді аралап, балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0–5 жас аралығындағы балалардың қауіпсіздігі аса маңызды. Баланың шапшаң қимылдайтын кезеңінде оған үнемі бақылау жасап, дер кезінде көмек көрсету қажет. Осыған байланысты ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтау, тұрмыстық жарақаттардың алдын алу және баланы қараусыз қалдырмау жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әрбір баланың қауіпсіздігі – сіз үшін де, біз үшін де маңызды!

Толығырақ...

Бас дәрігер

 

Нурбаев Сандибек Мухамбетжанович 

Бас дәрігерге сұрақ қою

Contact us

Your message has been sent sucessfully

Осы номер арқылы алдын-ала жазылуыңызға болады

                    ↓ ↓ ↓

 hjfhhf  ksm_org.metod@zkmu.kz

Медициналық сауалнама

WhatsApp Image 2025 05 28 at 12.56.27

maxresdefault

  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • БҚМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚМУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал
Яндекс.Метрика