"МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын ба" деген сұрақпен азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жиі жүгінеді.
Мәртебеңізді келесі тәсілдердің бірі арқылы оңай тексере аласыз:
🔹 eGov.kz порталы арқылы – жеке кабинетіңізде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз бен аударылған жарналар туралы ақпарат қолжетімді
🔹 msqory.kz сайтында
🔹 Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы
🔹 Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында
🔹 Damumed мобильді қосымшасында
🔹 банктердің мобильді қосымшаларында

