
Бүгін Клиника бас дәрігері Нурбаев С. М. мекемені жоспарлы түрде аралап,
🔹 бөлімдердің жұмысын,
🔹 санитарлық тазалықты,
🔹 пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын тексерді.

Отбасылық медицина клиникасының мамандары қала көшелерінде 2026 жылы енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өзгерістер бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Отбасылық медицина клиникасында «Жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
📌 Отбасылық медицина клиникасы | Жоба жаңалығы
№38 мектепте «FAST СүреБатырлар» бағдарламасы салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесінің қатысуымен енгізілді.
2025 жылдың маусым - шілде айларында Отбасылық медицина клиникасында Марат Оспанов атындағы медицина университетінің оқытушыларының Иммунолог Маржан Корешокованың және Ляззат Мамбетжановна қатысуымен «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» тақырыбында оқыту сабағы өткізілді.

Отбасылық медицина клиникамызда Баланы дамыту кабинеті аясында аналармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Отбасылық медицинаның университеттік клиникасы халыққа МСАК көрсетудің негізгі бөлігі ғана емес, сонымен қатар студенттерді, интерндерді, резиденттерді даярлауға арналған оқу базасы болып табылады.
Мамандар тобының жұмысына жаңашылдық енгізуде және отбасылық медицина клиникасы базасында озық тәжірибе орталығын құруда «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының мамандары үлкен әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуде.
3 күн бойы 2023 жылдың 31-ші мамырынан бастап «РНС» Ұлттық қауымдастығының тренер-сарапшылары университеттің медбикелерін, бөлім қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, экономистерді оқыту бойынша семинарлар өткізеді.

Пациенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы инфрақұрылым құру мақсатында отбасылық медицина клиникасында Call-center ашылды.
Байланыс орталығы - бұл қазіргі өмір салтына тығыз енген бағыт, бұл пациенттермен үздіксіз кері байланыс.

📣 Құрметті тұрғындар!
«М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері Нурбаев Сандибек Мухамбетжанович әр аптаның сәрсенбі күні, уақыты 09:00–12:00 аралығында пациенттерді жеке қабылдайды.