📌 Отбасылық медицина клиникасы | Жоба жаңалығы
№38 мектепте «FAST СүреБатырлар» бағдарламасы салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесінің қатысуымен енгізілді.
👩⚕️ Мектеп медбикесімен және ЗОЖ медбикесімен бірлесе отырып, оқушыларға инсульттің алғашқы белгілерін тану, жедел жәрдем шақыру жолдары үйретілді. 📚 Балалармен интерактивті сабақтар өткізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
🎯 Мақсат: оқушылардың медициналық сауаттылығын арттыру, өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыру.
#FASTСүреБатырлар #Инсульт #ЗОЖ #МектепЖобасы #ОтбасылықМедицина

