log 2023

Отбасылық
медицина
клиникасы

 

 

  • слайд 16
  • слайд 8
  • слайд 9
  • слайд 10
  • слайд 4
  • слайд 12
  • слайд 13
  • слайд 7
  • слайд 1
  • слайд 6
  • слайд 5
  • слайд
  • слайд 11
  • слайд 15
  • слайд 2

2026 жылғы 17 сәуірде Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Ерте жүктіліктің және жыныстық өмірді ерте бастаудың қауіптілігі» тақырыбында лекциялық-семинар өткізілді.

 

WhatsApp Image 2026-05-04 at 13.25.00.jpeg
 
  2026 жылғы 17 сәуірде Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Ерте жүктіліктің және жыныстық өмірді ерте бастаудың қауіптілігі» тақырыбында лекциялық-семинар өткізілді.
 
Іс-шара барысында иммундау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық екпелердің маңызы мен егу мерзімдері түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берілді.
 
Семинарға клиникамызда есепте тұрған 1–4 курс студенттері қатысты.
 
Іс-шараны жалпы практика дәрігерлері, СӨС кабинеті мейірбикесі, психолог дәрігер және «Samғau» жастар орталығының мамандары ұйымдастырды.
 
Семинар барысында:
🔹 ерте жыныстық өмірдің қауіптері
🔹 ерте жүктіліктің салдары
🔹 алдын алу жолдары мен контрацепция әдістері
жан-жақты түсіндірілді.
 
Сонымен қатар студенттерге ақпараттық материалдар таратылып, қауіпсіз мінез-құлық пен репродуктивті денсаулықты сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
 
🧠 Психологиялық қолдау мәселелері де қамтылып, қиын жағдайларда мамандарға жүгінудің маңызы айтылды.
 
❤️ Денсаулық – әр адамның басты байлығы!

Толығырақ...

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын іске қосып, МӘМС 2.0 форматына көшуді бастады.

 

 WhatsApp Image 2026-05-04 at 11.50.23 (1).jpeg

 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын іске қосып, МӘМС 2.0 форматына көшуді бастады. Бұл жүйе қаржының қайда және қалай жұмсалып жатқанын ашық көрсетіп, барлық үдерісті автоматтандыруға бағытталған.

Енді медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу бір жүйеде жүргізіледі. Қолмен жасалатын жұмыстар азайып, шешімдер нақты деректерге негізделеді.

ӘМСҚ Цифрлық даму орталығы басшысының орынбасары Гаухар Жанайдарованың айтуынша, Qalqan МӘМС жүйесінің «цифрлық қалқанына» айналады: ол пациенттердің құқығын қорғап, медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, адал медициналық ұйымдарға төлемдерді автоматтандыру арқылы қолдау көрсетеді және мемлекетке қаражатты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.

 

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.48.06.jpeg

  Отбасылық медицина клиникасында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.

Клиника қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, сенбілік жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Тазалық – денсаулық кепілі! Баршаңызды табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамыз 🌿

Толығырақ...

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай кәмелетке толмаған білім алушыларға арналған маңызды дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.48.02 (1).jpeg

 

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Отбасылық медицина клиникасының дәрігерлері кәмелетке толмаған білім алушыларға арналған маңызды дәріс өткізді.Іс-шара барысында жастарға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс тамақтану және жеке гигиенаны сақтау туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.Дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәрігерлерден нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Толығырақ...

«Таза бейсенбі – Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.

 

WhatsApp Image 2026-04-30 at 16.48.02.jpeg

Отбасылық медицина клиникасында «Таза бейсенбі – Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.Кіші медициналық персонал тазалық пен тәртіпті сақтау жұмыстарына белсенді қатысуда.Мұндай шаралар пациенттер мен қызметкерлер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

– Таза Казахстан» в Клинике семейной медицины.Младший медицинский персонал активно принимает участие в поддержании чистоты и порядка на территории учреждения.Такие инициативы способствуют созданию комфортной и безопасной среды для пациентов и сотрудников.

Толығырақ...

Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді.

 

WhatsApp Image 2026-04-30 at 11.20.37.jpeg

Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді.Соңғы 50 жылда вакцинация 150 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалды — бұл әр минут сайын 6 адамның өмірі. Соның арқасында барған сайын көп бала бір жасқа толып, ұзақ әрі салауатты өмір сүру мүмкіндігіне ие болуда.

2026 жылғы 19–25 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді.Бұл бастама вакцинация туралы шешім тек өзімізді ғана емес, болашақ ұрпақты да қорғайтынын еске салады. Балаңыздың екпе мәртебесін тексеріңіз —сіздің таңдауыңыз маңызды.

 

 Вакцины работают для каждого поколения За последние 50 лет вакцинация спасла более 150 миллионов жизней —это 6 жизней каждую минуту. Благодаря этому всё больше детей доживают до своего первого дня рождения и живут долгой и здоровой жизнью.С 19 по 25 апреля в 2026 году проходит Европейская неделя иммунизации,напоминая, что решение вакцинироваться защищает не только нас, но и будущие поколения.Проверьте прививочный статус вашего ребёнка — ваше решение имеетзначение.
#KAZEIW2026 #EIW2026

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасында төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында «Сары код» бойынша оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды.

 

1234

  Отбасылық медицина клиникасында төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында «Сары код» бойынша оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды.

Оқытуға эпидемиолог дәрігер Тогызбаева А. Г. қатысып, ықтимал қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмін, күдікті жағдайларды анықтау, хабарлау тәртібі және пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын түсіндірді.

Оқыту барысында:

  • «Сары кодтың» негізгі қағидалары
  • Қауіп туындаған кездегі медициналық қызметкерлердің әрекеті
  • Қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимыл
  • Қауіптің алдын алу және азайту шаралары қарастырылды

Осындай іс-шаралар медициналық ұйымдағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, қызметкерлердің жедел әрекет ету дайындығын күшейтеді.

В рамках повышения готовности медицинского персонала к чрезвычайным ситуациям в Клинике семейной медицины проведено обучающее мероприятие по «Жёлтому коду».

В обучении приняла участие врач-эпидемиолог Тогызбаева А. Г., которая подробно разъяснила алгоритм действий при возникновении потенциальной угрозы безопасности, включая выявление подозрительных ситуаций, порядок оповещения и меры по обеспечению защиты пациентов и персонала.

В ходе тренинга были рассмотрены:

  • основные принципы «Жёлтого кода»
  • действия медицинского персонала при угрозе
  • правила взаимодействия между сотрудниками
  • меры профилактики и минимизации рисков

Подобные мероприятия способствуют повышению уровня безопасности в медицинской организации и готовности персонала к оперативному реагированию.

Толығырақ...

№2 жалпы тәжірибелік дәрігері Джанабаев А.Т. 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша өз учаскесінде көрсетілген медициналық көмектің негізгі көрсеткіштері туралы толық ақпарат ұсынды.

 

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.04.25.jpeg

№2 жалпы тәжірибелік дәрігері Джанабаев А.Т. 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша өз учаскесінде көрсетілген медициналық көмектің негізгі көрсеткіштері туралы толық ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, скринингтік тексерулердің орындалуы талқыланып, нысаналы топтар арасында ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіштері көрсетілді. Скрининг нәтижесінде бірқатар созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар анықталып, науқастар диспансерлік есепке алынды және тиісті емдеу-алдын алу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, учаске бойынша жалпы аурушаңдық деңгейі сараланып, өткен кезеңмен салыстырмалы түрде талдау жасалды. Бұдан бөлек, Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау дәрігері Кәдірғали Г.Е. 2026 жылдың I тоқсаны бойынша келіп түскен арыз-шағымдарға талдау жасап, олардың құрылымы мен негізгі себептерін баяндады. Талдау барысында пациенттердің едәуір бөлігі дәрігер қабылдауына уақытылы кіре алмау мәселесін көтергені анықталды. Арыз-шағымдарда белгіленген қабылдау уақытының сақталмауы, кезектің ұзақтығы және дәрігерлердің жүктемесінің жоғары болуы негізгі себептер ретінде көрсетілген. Осыған байланысты пациенттерді уақытында қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында алдын ала жазылу жүйесін жетілдіру, дәрігерлердің жұмыс жүктемесін оңтайландыру қажеттілігі атап өтілді.

Толығырақ...

МӘМС туралы мәліметтер

WhatsApp Image 2026-04-16 at 10.03.09.jpeg

 Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толық көлемде іске қосылғанына алты жыл болды және денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын ол «айтарлықтай өзгеріс» ретінде қабылданса, бүгінде миллиондаған қазақстандық үшін күнделікті шындыққа айналды.

Дегенмен халық арасында әлі күнге дейін МӘМС туралы түрлі жаңсақ пікірлер айтылады. Сондықтан қарапайым тілмен түсіндірейік: МӘМС деген не, жүйе қалай жұмыс істейді және сақтандырылған азаматтар не алады.

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасында онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша айлық өтуде, оған онколог дәрігер Тілегенова Э. З. қатысуда.

 

WhatsApp Image 2026-04-16 at 09.59.22.jpeg

 Отбасылық медицина клиникасында онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша айлық өтуде, оған онколог дәрігер Тілегенова Э. З. қатысуда.

Құрметті пациенттер! Сіздерді онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеруден өтуге шақырамыз.Уақтылы диагностика – тиімді емнің және денсаулықты сақтаудың кепілі.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

В Клинике семейной медицины проходит месячник по профилактике онкологических заболеваний с участием врача-онколога Тилегеновой Э. З.

Уважаемые пациенты! Приглашаем вас пройти скрининговые обследования для раннего выявления онкологических заболеваний.

Своевременная диагностика — залог успешного лечения и сохранения здоровья.

Берегите себя и своих близких!

Толығырақ...

Клиникамызда агрессивті пациенттермен жұмыс істеу тақырыбында «Ақ код» бойынша түсіндірме оқыту жұмыстары ұйымдастырылды.

 

images.jpg

   Клиникамызда агрессивті пациенттермен жұмыс істеу тақырыбында «Ақ код» бойынша түсіндірме оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында медицина қызметкерлері шиеленісті жағдайларда дұрыс әрекет ету, пациентпен тиімді коммуникация орнату және қауіпсіздікті сақтау тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді. Мұндай жаттығулар ұжымның кәсіби дайындығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Толығырақ...

❓МӘМС аясында жоспарлы түрде ауруханаға жату үшін не істеу керек?

 

WhatsApp Image 2026-04-09 at 13.19.37.jpeg

❓МӘМС аясында жоспарлы түрде ауруханаға жату үшін не істеу керек?

Жоспарлы госпитализация – бұл шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы немесе басқа да ауруларды емдеу үшін пациенттің ауруханаға алдын ала жоспар бойынша жатқызылуы. Ол «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Толығырақ...

В молодежном центре здоровья «Самғау», прошла информационно-разъяснительная беседа и интерактивная игра «Правда или миф», приуроченные ко Всемирному дню здоровья, совместно со студентами НАО ЗКМУ имени Марата Оспанова и врачом МЦЗ Жармагамбетовой Д.А.

 

 
WhatsApp Image 2026-04-08 at 15.08.11 (1).jpeg
 
 В молодежном центре здоровья «Самғау», прошла информационно-разъяснительная беседа и интерактивная игра «Правда или миф», приуроченные ко Всемирному дню здоровья, совместно со студентами НАО ЗКМУ имени Марата Оспанова и врачом МЦЗ Жармагамбетовой Д.А.
 
Целью данного мероприятия является формирование понимания того, что здоровье — это не разовое действие, а ежедневный выбор. 
 
«Самғау» жастар денсаулық орталығында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай НАО ЗКМУ имени Марата Оспанова студенттерімен және ЖДО дәрігері Жармағамбетова Д.А.-мен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру әңгімесі мен «Шындық па, әлде миф пе?» атты интерактивті ойын өткізілді.
 
Аталған іс-шараның мақсаты – денсаулықтың бір реттік әрекет емес, күнделікті жасалатын таңдау екенін түсіндіру.

Толығырақ...

7 апреля 2026 г Всемирного дня здоровья на площади Арбат у Центрального стадиона были проведены мероприятия.

 

WhatsApp Image 2026-04-08 at 15.04.45 (1).jpeg

7 апреля 2026 года, в рамках Всемирного дня здоровья, совместно с городскими поликлиниками №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, областным СПИД-центром и молодежными центрами здоровья, на площади Арбат у Центрального стадиона были проведены мероприятия.

Девиз данного мероприятия — «Здоровье всем!».

Волонтеры НАО ЗКМУ имени Марата Оспанова под руководством врача-терапевта МЦЗ «Самғау» Жармагамбетовой Д.А. приняли участие в спортивной эстафете.

2026 жылғы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аясында №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қалалық емханаларымен, облыстық ЖИТС орталығымен және жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп, Орталық стадион жанындағы Арбат алаңында іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараның ұраны — «Денсаулық баршаға!».

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің еріктілері «Самғау» ЖДО дәрігер-терапевті Жармагамбетова Д.А.-ның жетекшілігімен спорттық эстафетаға қатысты.

Толығырақ...

Наурыздың 28-і мен мамырдың 30-ы аралығында қаламызда тазалықтың екі айлығы өтеді. Әр бейсенбі – «Таза бейсенбі», әр сенбі – сенбілік!

 

WhatsApp Image 2026-04-06 at 14.39.58.jpeg
 
Наурыздың 28-і мен мамырдың 30-ы аралығында қаламызда тазалықтың екі айлығы өтеді. Әр бейсенбі – «Таза бейсенбі», әр сенбі – сенбілік! Бұл жай ғана науқан емес, бұл – біздің қалаға деген қамқорлығымыздың сынағы.
 
Ардақты ағайын!
Біздің қала – жай ғана картадағы нүкте емес. Бұл – біздің балалық шағымыз өткен аула, алғашқы қадамымыз басылған көше.
 
Бұл — «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған игі іс.
Осы бастамаға Отбасылық медицина клиникасы ұжымы да белсенді түрде қатысып, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосады. Баршаңызды ортақ іске атсалысуға шақырамыз!

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасының стоматологиялық бөлімшесінде материалдық-техникалық база жаңартылды: жоғары сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай заманауи стоматологиялық қондырғылар сатып алынып, орнатылды.

 

WhatsApp Image 2026-04-03 at 16.30.26.jpeg

  Отбасылық медицина клиникасының стоматологиялық бөлімшесінде материалдық-техникалық база жаңартылды: жоғары сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай заманауи стоматологиялық қондырғылар сатып алынып, орнатылды. Жаңа жабдық диагностиканың дәлдігін және емдеудің тиімділігін арттырып, пациенттерге медициналық қызметтің барлық кезеңінде жайлылық пен сенімділік қамтамасыз етеді.

Жаңа стоматологиялық қондырғылардың дизайны ұсақ бөлшектеріне дейін ойластырылған және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің барынша жайлылығына бағытталған. Қондырғылар заманауи минималистік стильде жасалған, жұмсақ сызықтарымен және ықшам құрылымымен ерекшеленеді, бұл кабинет кеңістігін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Түстік шешімі психологиялық жайлылықты ескере отырып таңдалған: ашық әрі бейтарап реңктер тыныш әрі босаңсытатын атмосфера қалыптастырады. Креслолар анатомиялық пішінде жасалып, денеге дұрыс тірек беріп, ұзақ уақытқа созылатын процедуралар кезінде де пациенттің өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік береді.

Басқару панельдері түсінікті әрі ыңғайлы орналасқан, бұл дәрігердің жұмысын жеңілдетіп, манипуляциялардың дәлдігін арттырады. Заманауи материалдарды қолдану қондырғыларды эстетикалық тартымды ғана емес, күтімге ыңғайлы етіп, жоғары гигиена деңгейі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді. 👏

Толығырақ...

02 сәуір күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін жатыр мойны обырының алдын алу бойынша ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға гинеколог дәрігер Таспенова Р. А. қатысты.

 

WhatsApp Image 2026-04-03 at 16.22.04.jpeg
 
 
02 сәуір күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін жатыр мойны обырының алдын алу бойынша ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараға гинеколог дәрігер Таспенова Р. А. қатысты.
 
Қабылдау барысында әйелдер №104 кабинетте дәрігердің кеңесін алып, қажетті тексерулерден өтіп, жағынды (мазок) тапсырды.
Аталған іс-шара халықтың денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Толығырақ...

🧠 Ата-аналардың күйзелісін азайту балалардағы семіздік қаупін төмендетеді

 

 

WhatsApp Image 2026-04-03 at 16.20.35.jpeg

 

 

🧠 Ата-аналардың күйзелісін азайту балалардағы семіздік қаупін төмендетеді

Йель университетінің жаңа зерттеуі көрсеткендей, ата-аналардың күйзелісін азайту тікелей кішкентай балалардың денсаулығына әсер етеді.

🧑‍🧑‍🧒‍🧒 Зерттеуге 2-5 жас аралығындағы балаларды тәрбиелейтін, артық салмағы немесе семіздігі бар 114 түрлі этникалық және әлеуметтік-экономикалық топтағы ата-аналар қатысты. Ата-аналар екі топқа бөлінді:

1️⃣ PMH (Parenting Mindfully for Health) - ата-аналық сана-сезімді дамыту, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру + дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік бойынша ұсыныстар.

2️⃣ Бақылау тобы - тек тамақтану мен белсенділік бойынша кеңестер алған.

Зерттеу 12 аптаға созылып, ата-аналардың күйзеліс деңгейі, тәрбие стилі және балалардың салмағы бақыланды.

💡 Нәтижелері:

- PMH тобының ата-аналары күйзелісті аз сезінді, тәрбие әдістері жақсарды.

- Осы ата-аналардың балалары аз зиянды тамақ тұтынды және салмақ қоспады.

- Бақылау тобындағы балалар жиі артық салмақ жинады, семіздік қауіпі 6 есе жоғары болады.

🌍 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, балалар арасындағы семіздік әлем бойынша өсіп келеді.

Қорытынды: Отбасыдағы ата-аналарға қамқорлық жасау және күйзелісті басқару - балалардағы семіздіктің алдын алудың маңызды бөлігі.

Толығырақ...

Отбасылық медицина емханасында «Нейтрофилдер морфологиясын зияткерлік талдау: компьютерлік кариометриядан дифференциалды диагностиканың бұлтты сервисіне дейін» тақырыбындағы инновациялық жобаның таныстырылымы өтті.

 

WhatsApp Image 2026-04-03 at 16.19.28 (1).jpeg

   ЖОО-ның студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын клиникалық практикаға интеграциялау бойынша білім беру стратегиясын іске асыру шеңберінде «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жанындағы Отбасылық медицина емханасында «Нейтрофилдер морфологиясын зияткерлік талдау: компьютерлік кариометриядан дифференциалды диагностиканың бұлтты сервисіне дейін» тақырыбындағы инновациялық жобаның таныстырылымы өтті.

Толығырақ...

Бас дәрігер

 

Нурбаев Сандибек Мухамбетжанович 

Бас дәрігерге сұрақ қою

Contact us

Your message has been sent sucessfully

Осы номер арқылы алдын-ала жазылуыңызға болады

                    ↓ ↓ ↓

 hjfhhf  ksm_org.metod@zkmu.kz

Медициналық сауалнама

WhatsApp Image 2025 05 28 at 12.56.27

maxresdefault

  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • БҚМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚМУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал
Яндекс.Метрика