СКРИНИНГ– бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау және асқынушылықтың алдын алу үшін белгілі жастағы сау тұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу.
Скрининг көлеміне мыналар кіреді:
40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы адамадардың көз іші қысымын өлшеу.
40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаны анықтау.
Iсіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынандай тексерулерден өту керек:
Әйелдер: 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы әйелдерді сүт безін рентгенологиялық тексеруден өткізу(маммография).
Әйелдер: 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдердің патологиялық өзгерістерін анықтау үшін жатыр мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу.
50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы ерлер мен әйелдер жуан және тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қан бойынша тексеруден өткізу.