log 2023

Отбасылық
медицина
клиникасы

  • слайд 2
  • слайд 5
  • слайд 1
  • слайд 4
  • слайд 7
  • слайд 6
  • слайд 8
  • слайд 12
  • слайд 15
  • слайд 9
  • слайд 10
  • слайд 11
  • слайд 16
  • слайд 13
  • слайд

Халықаралық мейірбикелер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-05-15 at 14.27.23.jpeg

  Халықаралық мейірбикелер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының атынан және кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, бірқатар қызметкерлер адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ...

Халықаралық мейіргерлер күніне орай Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері дәрігерлермен бірге мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады!

WhatsApp Image 2026-05-12 at 20.50.28.jpeg

  Халықаралық мейіргерлер күніне орай Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері дәрігерлермен бірге мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады!

Таңертең жұмыс күні басталар алдында мейіргерлерді жылы лебізбен, гүлдермен және жағымды сыйлықтармен қарсы алды. Мерекелік көңіл-күй, шынайы алғыс пен жарқын эмоциялар олардың елеулі еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі болды.

Мейіргер — бұл тек мамандық қана емес, бұл күн сайынғы қамқорлық, мейірім мен шыдамдылықтың көрінісі. Барлық мейіргерлерге адал еңбегі, кәсібилігі және адам жанына деген жанашырлығы үшін алғысымызды білдіреміз! 💐

Толығырақ...

9 мамыр — Жеңіс күніне орай М. Оспанов атындағы БҚМУ-да ұзақ жылдар бойы атқарған адамдарға еңбегі үшін алғыс пен құрмет білдірілді.

WhatsApp Image 2026-05-13 at 15.15.44.jpeg

🎖️ 9 мамыр — Жеңіс күніне орай

  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің кәсіподақ ұйымының өкілі Айбасова К. А., Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері Нурбаев С. М. және кәсіподақ өкілі Аугалиева Э. К. тарапынан

М. Оспанов атындағы БҚМУ-да ұзақ жылдар бойы атқарған адамдарға еңбегі үшін алғыс пен құрмет білдірілді.

🙏 Көпжылдық еңбегі мен медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз!

Зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасының патронажды мейірбикелері үйлерді аралап, балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2026-05-13 at 15.15.43 (1).jpeg

  Отбасылық медицина клиникасының патронажды мейірбикелері үйлерді аралап, балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0–5 жас аралығындағы балалардың қауіпсіздігі аса маңызды. Баланың шапшаң қимылдайтын кезеңінде оған үнемі бақылау жасап, дер кезінде көмек көрсету қажет. Осыған байланысты ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтау, тұрмыстық жарақаттардың алдын алу және баланы қараусыз қалдырмау жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әрбір баланың қауіпсіздігі – сіз үшін де, біз үшін де маңызды!

Толығырақ...

📢 Құрметті тұрғындар! Отбасылық медицина клиникасында әр сәрсенбі күні бас дәрігердің қабылдауы өтеді.

WhatsApp Image 2026-05-13 at 15.15.43.jpeg

📢 Құрметті тұрғындар!

Отбасылық медицина клиникасында әр сәрсенбі күні бас дәрігердің қабылдауы өтеді.

Қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына байланысты мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Біздің мақсатымыз – халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету, әр пациенттің өтінішіне мұқият қарау.

📅 Қабылдау күні: әр сәрсенбі

📍 Өтетін орны: Отбасылық медицина клиникасы

Алдын ала жазылу үшін тіркеу бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Сіздердің денсаулықтарыңыз – біздің басты назарымызда! 💙

📢 Уважаемые жители!

В Клинике семейной медицины каждую среду проводится приём главного врача.

Во время приёма рассматриваются обращения граждан, предложения и вопросы, связанные с качеством оказания медицинской помощи. Также вы можете получить консультацию по интересующим вопросам в сфере здравоохранения.

Наша главная цель — обеспечение доступной и качественной медицинской помощи.

Толығырақ...

Баланың терезеден құлап кетуінің алдын алайық ⚠️

WhatsApp Image 2026-05-13 at 15.15.41.jpeg

  Баланың терезеден құлап кетуінің алдын алайық ⚠️

Терезе — балалар үшін қауіпті орындардың бірі. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз балаңызды қорғай аласыз ⬇️

🔒 Терезеге арнайы құлып немесе шектеуіш орнатыңыз — бала өздігінен аша алмайды🪟 Балаңызды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезе ашық кезде🪑 Жиһазды терезе маңынан алыстатыңыз — бала оңай шығып кетуі мүмкін🦟 Масаға қарсы тор қауіпсіздік құралы емес — ол баланың салмағын ұстамайды🚫 Балаға терезе жанында ойнауға рұқсат бермеңіз

Бала қауіпсіздігі — ата-ананың басты міндеті

Толығырақ...

Студенттер «сақтандырылған» мәртебесінің жоқтығына байланысты Қорға жиі жүгінеді.

 WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.35.06.jpeg

Студенттер «сақтандырылған» мәртебесінің жоқтығына байланысты Қорға жиі жүгінеді.

❗️Назар аударыңыз:

Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз, МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіресіз. Бұл жағдайда жарналарды мемлекет төлейді – өзіңізден төлем талап етілмейді.

Егер оқу барысында жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіз үшін аударымдар төлеуден босатылады.

Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз, күндізгі бөлімде оқитын кезеңде МӘМС жарналарын төлеудің қажеті жоқ.

Маңызды: Қор жеңілдік санатын тағайындамайды. Бұл мәртебе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

Сақтандырылған мәртебесін қарау үшін Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жеңілдік санатыңызды тексеріп отыруды ұсынамыз.

Толығырақ...

Клиниканың бас дәрігері ұлттық аккредитацияға дайындықты тексеру мақсатында жоспарлы тексеру жүргізді.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.31.14.jpeg

Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері ұлттық аккредитацияға дайындықты тексеру мақсатында жоспарлы тексеру жүргізді.

Тексеру барысында медицина қызметкерлерінің дайындық деңгейі, сондай-ақ олардың кәсіби білімдері бағаланды.

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасы Дүниежүзілік қозғалыс күніне орай «Біз белсенді өмір салтын қолдаймыз» атты спорттық челленджді бастайды!

WhatsApp Image 2026-05-05 at 18.18.38.jpeg

 Отбасылық медицина клиникасы Дүниежүзілік қозғалыс күніне орай «Біз белсенді өмір салтын қолдаймыз» атты спорттық челленджді бастайды!

Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, денсаулыққа деген құндылықты қалыптастыру, пайдалы әдеттерді дамыту, сондай-ақ денсаулықты сақтау және нығайту.

Челленджге қатысып, өзіңізге ұнайтын белсенділікті таңдаңыз: жаяу жүру, жүгіру, жаттығу жасау немесе спортпен айналысу — және өз нәтижелеріңізбен бөлісіңіз!

Бірге қозғалып, белсенді өмір салтын күнделікті дағдымызға айналдырайық!

Толығырақ...

«Өсімдік негізіндегі тамақтану» дұрыс болмаса, деменция қаупін 25%-ға арттыруы мүмкін

WhatsApp Image 2026-05-05 at 15.33.09.jpeg
 
«Өсімдік негізіндегі тамақтану» дұрыс болмаса, деменция қаупін 25%-ға арттыруы мүмкін
 
Жаңа зерттеу сапалы өсімдік тағамдары мен деменция қаупінің төмендеуі арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті. Зерттеуге шамамен 93 000 адам (орташа жасы - 59) қатысқан, әртүрлі этникалық топтар қамтылған. 10 жылдан кейін 45 000-нан астам қатысушының тамақтану рационы қайта бағаланған.
 
📊 Нәтижелер:
— Сапалы/сау өсімдік тағамдары (көкөністер мен жемістер, жаңғақтар, тұтас дәнді дақылдар) → деменция қаупін 11%-ға төмендетеді
— Сапасыз/зиянды өсімдік тағамдары (тәттілер, рафинадталған өнімдер, ақ ұн, картоп, шырындар) → деменция қаупін 25%-ға арттырады
— Тіпті 50 жастан кейін де дұрыс тамақтануға көшу когнитивті бұзылыстар қаупін азайтады
⚠️ Қорытынды: барлық өсімдік тағамы бірдей пайдалы емес - тек «өсімдік жеу» жеткіліксіз, сапалы таңдау маңызды.

Толығырақ...

Бүгінде денсаулық сақтау саласында заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде. Соның бірі — Qalqan платформасы.

 WhatsApp Image 2026-05-05 at 15.25.55.jpeg

  Бүгінде денсаулық сақтау саласында заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде.

Соның бірі — Qalqan платформасы.

Қарапайым тілмен айтқанда — бұл барлығы ашық көрінетін бірыңғай цифрлық жүйе:

🔹 әр көрсетілген қызмет тіркеледі

🔹 пациент оны көріп, растай алады

🔹 төлем тек нақты көрсетілген қызмет үшін ғана жүргізіледі.

Бұл сізге не береді?

✔️ сізге қандай қызмет көрсетілгенін көре аласыз

✔️ «жалған жазу» тәуекелі азаяды

✔️ барлық медициналық ақпаратыңыз бір жерде жиналады.

Ал жалпы жүйе үшін — бұл тәртіп:

қателік азаяды, артық шығын қысқарады, бақылау күшейеді.

Qalqan — медицинада ашықтық пен әділдікті күшейтіп, пациентті бірінші орынға қоятын жүйе.

Толығырақ...

Тазалық – денсаулық кепілі!

WhatsApp Image 2026-05-05 at 15.02.29.jpeg

Отбасылық медицина клиникасында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.

Клиника қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, сенбілік жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Тазалық – денсаулық кепілі!

Баршаңызды табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамыз 🌿

Толығырақ...

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өз жалғасын табуда.

 WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.27.20.jpeg

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өз жалғасын табуда.

Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру.

Акция барысында қызметкерлер аумақты тазалап, қоқыс жинап, айналаны ретке келтіруде.

Тазалық – әр адамның ортақ міндеті! 🌿

Толығырақ...

2studentter_uyi №2 студенттер үйінде Отбасылық медицина клиникасының «Самғау» жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 20 сәуір күні «Салауатты өмір салты – әр адамның таңдауы» тақырыбында тренинг өткізілді.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.44.45.jpeg

  2studentter_uyi №2 студенттер үйінде Отбасылық медицина клиникасының «Самғау» жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 20 сәуір күні «Салауатты өмір салты – әр адамның таңдауы» тақырыбында тренинг өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығы түсіндіріліп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттердің алдын алу туралы ақпарат берілді.

Тренинг еркін форматта өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пайдалы кеңестер алды.

Салауатты өмір – өз қолымызда!

Толығырақ...

Пациенттерге арналған «Денсаулық мектебі» аясында кардиолог дәрігер Жетибаева Арайлым Бауржановна түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 15.45.05.jpeg
 
Пациенттерге арналған «Денсаулық мектебі» аясында кардиолог дәрігер Жетибаева Арайлым Бауржановна түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
Кездесу барысында жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, қан қысымын бақылау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты туралы маңызды ақпарат берілді.
 
Денсаулық – білімнен басталады 💙
В рамках «Школы здоровья» для пациентов проведена обучающая встреча врачом-кардиологом Жетибаева Арайлым Бауржановна.
 
Пациенты получили полезную информацию о профилактике сердечно-сосудистых заболеваний, контроле артериального давления, правильном питании и образе жизни.
 
Забота о здоровье начинается с знаний 💙

Толығырақ...

Жастар үйінде Денсаулық апталығы аясында «Самғау» жастар денсаулық орталығы мамандары мен Жұбанов емханасының дәрігерлері студенттермен тренинг форматында кездесу өткізді.

 WhatsApp Image 2026-05-05 at 10.30.26.jpeg

   Жастар үйінде Денсаулық апталығы аясында «Самғау» жастар денсаулық орталығы мамандары мен Жұбанов емханасының дәрігерлері студенттермен тренинг форматында кездесу өткізді.

Шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру, психологиялық және физикалық денсаулықты нығайту, зиянды әдеттердің алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға арналған тренингтік ойындар ұйымдастырылып, командалық жұмысқа бағытталған жаттығулар өткізілді.

Студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, мамандарға сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.

Толығырақ...

Дүниежүзілік денсаулық апталығына орай «Өмірге қауіпті төтенше жағдайлардағы шаралар және өзіне-өзі көмек пен өзара көмек көрсету», «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында лекциялар мен тренингтер ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 10.21.25.jpeg

  Дүниежүзілік денсаулық апталығына орай «Өмірге қауіпті төтенше жағдайлардағы шаралар және өзіне-өзі көмек пен өзара көмек көрсету», «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында лекциялар мен тренингтер ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы Обаға қарсы станцияның бактериолог маманы Мукаева Әсия Болатовна және Отбасылық медицина клиникасының «Самғау» жастар денсаулық орталығының мамандары шақыртылды. Олардың ішінде дәрігер Жармағамбетова Динара Асқарқызы, психолог Ауғалиева Эльмира Қаллиулиевна, салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Төлебаева Ботагөз Бірімжанқызы және студенттік емхананың аға медбикесі Шылмағамбетова Шыналтын Көптілеуқызының қатысуымен университет студенттері пайдалы әрі ашық форматта кездесті. Кездесу барысында денсаулықты сақтау, дұрыс өмір салтын ұстану, психологиялық тұрақтылық және күнделікті пайдалы әдеттер жайлы маңызды ақпараттар айтылды. Студенттер белсенді қатысып, қызықты ойындар ойнап, өз ойларымен бөлісіп, жаңа мотивация алды. Салауатты өмір салты — бұл таңдау ғана емес, бұл болашаққа жасалған қадам.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен серіктес отбасылық медицина қызметкерлерінің қатысуымен мазмұнды тренинг-кездесу өтті.

WhatsApp Image 2026-05-04 at 13.33.10.jpeg

  М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен серіктес отбасылық медицина қызметкерлерінің қатысуымен мазмұнды тренинг-кездесу өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи медицинадағы өзекті тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар, кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған пайдалы ақпараттар берілді.

🎯 Тренинг барысында түрлі ойындар ойнатылып, сергіту сәттері ұйымдастырылды. Бұл қатысушылардың белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Салауатты өмір салты – бұл таңдау ғана емес, бұл болашаққа жасалған қадам! Психологиялық қолдау мәселелері де қамтылып, қиын жағдайларда мамандарға жүгінудің маңызы айтылды.

Толығырақ...

3-студенттер үйінде «Салауатты өмір салты – адамның таңдауы» атты маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-05-04 at 13.29.58.jpeg

 3-студенттер   үйінде   «Салауатты   өмір   салты   –   адамның   таңдауы»   атты   маңызды   іс-шара   ұйымдастырылды.

Іс-шараға   арнайы   мамандар   қатысып,   студенттермен   ашық   әрі   пайдалы   форматта   кездесу   өткізді:

👩‍⚕️   Аугалиева   Эльмира   Калилуллиевна   –   психолог

👩‍⚕️   Жармагамбетова   Динара   Аскаровна   –   МЦЗ   дәрігері

👩‍⚕️   Тулебаева   Ботагоз   Биримжановна   –   СӨС   медбикесі

Кездесу   барысында:

🔹   денсаулықты   сақтау

🔹   дұрыс   өмір   салтын   ұстану

🔹   психологиялық   тұрақтылық

🔹   күнделікті   пайдалы   әдеттер

жайлы   маңызды   ақпараттар   айтылды.

Студенттер   белсенді   қатысып,   қызықты   ойындар   ойнап,   өз   ойларымен   бөлісіп,   жаңа   мотивация   алды   ✨

💚   Салауатты   өмір   салты   –   бұл   таңдау   ғана   емес,   бұл   болашаққа   жасалған   қадам!

Толығырақ...

Бас дәрігер

Нурбаев Сандибек Мухамбетжанович 

Бас дәрігерге сұрақ қою

Contact us

Your message has been sent sucessfully

Осы номер арқылы алдын-ала жазылуыңызға болады

                    ↓ ↓ ↓

 hjfhhf  ksm_org.metod@zkmu.kz

Медициналық сауалнама

WhatsApp Image 2025 05 28 at 12.56.27

maxresdefault

  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • БҚМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚМУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал
Яндекс.Метрика