log 2023

Отбасылық
медицина
клиникасы

 

 

  • слайд
  • слайд 16
  • слайд 8
  • слайд 9
  • слайд 15
  • слайд 11
  • слайд 2
  • слайд 4
  • слайд 7
  • слайд 1
  • слайд 10
  • слайд 6
  • слайд 5
  • слайд 13
  • слайд 12

Жаңалықтар апталығы

 

  Жаңалықтар апталығы

📌 Отбасылық медицина клиникасы | Жаңалықтар апталығы

Біздің клиникада * жатыр мойны қатерлі ісігі және трофобласттық аурулар* тақырыбына арналған жаңалықтар апталығы өтті.

👩‍⚕️ Спикер: гинеколог Таспенова Р. А.

Апталық аясында қаралды:

- Жатыр мойны ауруларының алдын алу

- Ерте диагностика мен скринингтің маңызы

- Пайдалы кеңестер мен ақпараттық материалдар

#ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Гинекология #Денсаулық #Профилактика #ЖаңалықтарАпталығы

Толығырақ...

Инсультке қарсы дүниежүзілік күн

   📌 Отбасылық медицина клиникасы | Инсультке қарсы дүниежүзілік күн  

Бүгін біздің клиникада инсульттің алдын алу және ерте анықтау тақырыбында семинар өткізілді.  

👩‍⚕️ Семинардың спикері: Нұржанова Г. К.  

Семинарда қаралды:  

- Инсульттің себептері мен қауіп факторлары  

- Шұғыл әрекет ету қажет белгілер  

- Инсульт қаупін азайту үшін салауатты өмір салты  

💬 Пациенттерге пайдалы кеңестер беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді.  

#ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Инсульт #Профилактика #Денсаулық #ИнсультКүні

Толығырақ...

«Ерлердің ұзақ өмір сүруі» жобасы – алғашқы нәтижелер бар

       «Ерлердің ұзақ өмір сүруі» жобасы – алғашқы нәтижелер бар

Отбасылық медицина клиникасы жанындағы Үздік тәжірибелер орталығының басты бағыттарының бірі – Жобаларды басқару орталығы. Осы орталықтың бірегей жобаларының қатарында – «Ерлердің ұзақ өмір сүруі» бастамасы бар.

Бұл жоба 2023 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысында алғаш рет іске қосылды. Идеяны жүзеге асыруға клиниканың бас дәрігері тікелей қолдау білдірді.

Жобаны бастамас бұрын, Ақтөбе қаласындағы ерлердің денсаулығына байланысты соңғы 5 жылдағы статистика жан-жақты талданды. Бұл мәліметтер ер азаматтардың денсаулығына қатысты мәселелерді нақты анықтауға мүмкіндік берді.

🔹 Жобаның мақсаты — ерлердің денсаулық жағдайын жақсарту, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өмір сүру ұзақтығын арттыру.Бүгінде жобаның алғашқы нәтижелері көріне бастады. Көптеген ер азаматтар өз денсаулығына бей-жай қарамай, тексеруден өтіп, пайдалы ақпарат алып жатыр.

📌 Бұл жоба ерлер арасында профилактикалық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ медициналық қызметке сенімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Толығырақ...

Клиника ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді

📍 Отбасылық медицина клиникасы | Субботник "Таза Қазақстан"

Клиника ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді 🌿🧹

🔹 Бірлескен күшпен аумақты тазалап, ағаштар мен гүлдерді ретке келтірдік

🔹 Қоршаған ортаға жанашырлық – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз

✨ Таза аула – таза ой, таза қоғам!

#ТазаҚазақстан #Сенбілік2025 #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Экология #Ақтөбе

Толығырақ...

Отбасылық медицина клиникасында "Сүт безі обырының алдын алу" жобасы аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі

        Отбасылық медицина клиникасында "Сүт безі обырының алдын алу" жобасы аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

🔹 Әйелдерге сүт безі обыры туралы ақпарат беру;

🔹 Жыл сайын профилактикалық тексеруден өту маңыздылығын түсіндіру;

🔹 Сүт безін өз бетінше тексеру тәсілдерін үйрету;

🔹 Маммографияға жолдама беру және бақылау;

🔹 Қауіп тобындағы әйелдермен жеке кеңес өткізу;

🔹 Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану бойынша кеңес беру.

📌 Мақсат – сүт безі обырын ерте кезеңде анықтау арқылы әйелдер денсаулығын сақтау және ауру көрсеткішін азайту.

📣 Барлық әйелдерді уақтылы тексеруден өтуге шақырамыз!

Толығырақ...

Kолледждерінің студенттері мен ата-аналары арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

   Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

«Дүние» колледжі, АКНИГ және Еуропалық бизнес, экономика және құқық колледждерінің студенттері мен ата-аналары арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔹 Іс-шараға гинеколог Үмбетова С.Р. қатысып, келесі тақырыптарда ақпарат берді:

– Репродуктивті денсаулықтың маңызы

– Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары

– Ата-ана мен баланың ашық диалогы

– Жауапкершілікпен қарым-қатынас орнатудың жолдары

✨ Кездесу жастарға қажетті білім беріп, саналы шешім қабылдауға ықпал етті.

Толығырақ...

13 қазан күні «Рика ТВ» телеарнасында «Из первых рук» бағдарламасында Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары Анна Каспировамен және отбасылық медицина клиникасының жастар денсаулық орталығының

 

   13 қазан күні «Рика ТВ» телеарнасында «Из первых рук» бағдарламасында Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары Анна Каспировамен және отбасылық медицина клиникасының жастар денсаулық орталығының дәрігеріаяжан Дусиповамен сұхбат шықты.

Эфирде мамандар өздерінің АИТВ-статусын білудің маңыздылығы, тегін тестілеуден қайда өтуге болатындығы,сондай-ақ АИТВ орталығы мен жастар денсаулық орталығының бірлескен жұмысы туралы айтып берді.

Аяжан Дусипова ЖДО қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды: мамандар жастармен қалай жұмыс істейді,профилактикалық әңгімелер,репродуктивті денсаулық және АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша оқыту тренингтері мен консультациялар өткізді.

Денсаулық снадан басталады,тексеру дегеніміз-өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасау!

Толығырақ...

ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ

 

   ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА КЛИНИКАСЫ - ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ

15 қазан күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Отбасылық медицина клиникасына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келіп, мекеменің жұмысымен танысқан еді. Министр клиника ұжымының бастамалары мен жобаларын жоғары бағалап, өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдірудегі үлесін атап өткен болатын.

1997 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан бұл клиника — Ақтөбедегі «Отбасылық дәрігер» қағидаты бойынша жұмыс істейтін бірегей орталық.

2024 жылдың сәуір айынан бастап клиникаға «Үздік тәжірибе орталығы» мәртебесі берілген.

Мұнда медициналық қана емес, әлеуметтік және психологиялық көмек те кешенді түрде көрсетіледі.

Клиника құрамында:

- «Самғау» жастар денсаулық орталығы – 10–29 жас аралығындағы жастарға сенімді, қолжетімді көмек көрсетеді;

- «Тәуелсіз мейірбикелік практика» жобасы – тәжірибелі мейірбикелердің дербес қабылдау жүргізу жүйесін енгізді;

- «Тұрғындарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және алдын алу» жобасы – әлеуметтік осал отбасылармен, балалармен және студенттермен белсенді жұмыс жүргізеді.

Бүгінде клиника – жаңа идеялар мен инновациялардың алаңы. Мұнда отбасылық дәрігерлер мен резиденттер тәжірибе жинақтап, ғылыми жобаларды практикамен ұштастырады.

🩺 Б. Түлкібаева басқаратын ұжымның басты мақсаты – халыққа сапалы және жан-жақты медициналық көмек көрсету.

Толығырақ...

Ақпараттық іс-шара М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттерінің қатысуымен маңызды ақпараттық кездесу өтті.

 

 Ақпараттық іс-шара      

 📍 Отбасылық Медицина Клиникасы | Ақпараттық іс-шара

14 қазан күні клиникамызда М. Оспанов атындағы БҚМУ студенттерінің қатысуымен маңызды ақпараттық кездесу өтті.      

Талқыланған тақырыптар:      

🔹 Репродуктивті денсаулық      

🔹 Қауіпті мінез-құлық факторлары      

🔹 Жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын алу      

🧠 Іс-шараға клиника психологтары қатысып, пайдалы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, «Сенім телефоның» атты сауалнама жүргізілді.      

📣 Мұндай кездесулер жастардың денсаулығына және өмірге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.      

#ОтбасылықМедицинаКлиникасы #СӨС #ПсихологиялықДенсаулық #РепродуктивтіДенсаулық #Жастар #Ақтөбе

Толығырақ...

13 қазан күні клиникамызда Дүниежүзілік “Қызғылт қазан” — сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айлығы аясында пациенттерге арналған семинар-лекция өтті.

 

Қызғылт Қазан айлығы       

📍 Отбасылық медицина клиникасы | Қызғылт Қазан айлығы    

13 қазан күні клиникамызда Дүниежүзілік “Қызғылт қазан” — сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айлығы аясында пациенттерге арналған семинар-лекция өтті.    

🔹 Лекцияны онколог-дәрігер Тилегенова Э.З. жүргізіп, келесі маңызды тақырыптар талқыланды:    

– Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу    

– Ерте диагностика және скрининг маңыздылығы    

– Өз-өзін тексеру әдістері    

– Дұрыс өмір салтының әсері    

🎗 Пациенттер өз сұрақтарын қойып, онколог маманнан пайдалы кеңестер алды.    

Сүт безі қатерлі ісігі — ерте анықталса, емделеді. Абай болыңыз, уақтылы тексеріліңіз!    

#ҚызғылтҚазан #СүтБезіҚатерліІсігі #ОнкологиялықСауаттылық #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Ақтөбе

Толығырақ...

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

 Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні   

🧠 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні    

📍 Отбасылық медицина клиникасы

Бүгін студенттер арасында «Тревождық деңгейін анықтауға арналған сауалнама» жүргізілді.

🎯 Мақсаты – жастар арасында психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, ішкі күйзеліс белгілерін ерте анықтауға назар аударту.

💬 Есіңізде болсын: Психикалық денсаулық – жалпы денсаулықтың ажырамас бөлігі!

---

🧠 10 октября – Всемирный день психического здоровья    

📍 Клиника семейной медицины

Сегодня среди студентов был проведён опросник уровня тревожности.

🎯 Цель — напомнить о важности психоэмоционального состояния и своевременной заботе о себе.

💬 Психическое здоровье – это тоже здоровье!

#ДүниежүзілікПсихикалықДенсаулықКүні #MentalHealth #КлиникаСемейнойМедицины #ЗОЖ #Актобе

Толығырақ...

«5 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбы семинар өтті!

👶🏻 9 қазан күні біздің клиникамызда маңызды семинар өтті!  
Тақырыбы: «5 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігі»
 
Семинарға ӘППМ бөлімінің мейірбикелері қатысып,  
балалардың жарақаттануын алдын алу, үй жағдайындағы қауіпсіздік, алғашқы көмек көрсету жолдары сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
 
👩🏻‍⚕️ Қауіпсіз балалық шақ — біздің ортақ мақсатымыз!
 
#БалаларҚауіпсіздігі #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #ӘППМ #Семинар2025

Толығырақ...

6 қазан күні біздің клиникада «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында студенттер мен пациенттерге арналған лекция-семинар өтті

 Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

6 қазан күні біздің клиникада «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында студенттер мен пациенттерге арналған лекция-семинар өтті 🥗✨                                                              

🔹 Іс-шараға салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Тулебаева Б. қатысып, тыңдаушыларға:                                                              

– Теңгерімді және пайдалы тағам принциптері                                                                

– Студенттік өмірде дұрыс тамақтанудың маңызы                                                              

– Күнделікті рационды қалай құру керек екенін түсіндіріп берді                                                              

📚 Тыңдаушылар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.                                                              

💬 Кездесу «Денсаулық – өз қолыңда» деген ұранмен аяқталды.                                                                

#КлиникаСемейнойМедицины #ЗОЖ #ДұрысТамақтану #СтуденттерҮшін #Актобе

📍6 октября в нашей клинике с участием специалиста кабинета формирования ЗОЖ Тулебаевой Б. прошла лекция-семинар на тему:                                                              

«Здоровое питание — залог здоровья» 🥗✨                                                              

🔹 Студенты и пациенты узнали:                                                              

— Как питание влияет на мозг и настроение                                                                

— Что значит сбалансированный рацион                                                              

— Как избежать типичных ошибок в еде                                                              

— И как правильно питаться в студенческой суете                                                              

📚 Атмосфера была живой и познавательной — участники задавали вопросы и делились своими привычками.                                                                

💬 Завершили встречу мотивацией: «Здоровье начинается с тарелки!»                                                              

#КлиникаСемейнойМедицины #ЗдоровоеПитание #ДеньЗОЖ #Актобе #СтудентыЗОЖ

Толығырақ...

Психикалық денсаулық бойынша айырмашылықты жою жөніндегі жобаның іс-қимыл бағдарламасы.

  Психикалық денсаулық бойынша айырмашылықты жою жөніндегі жобаның іс-қимыл бағдарламасы.

Жоба жүйелі өзгерістерді енгізуге бағытталған: психологиялық қолдау қызметін дамыту және әрбір адам естігенін сезінетін қолайлы орта құру.

Бүгінгі таңда университет және колледж студенттерімен, сондай-ақ тіркеуде тұрған науқастармен, әлеуметтік осал отбасылармен, қабылдауларда, жекелей сауалнамалар, тесттер, тренингтер өткізілді.

Нәтижесі: әлеуметтік-психологиялық қызметке деген сенімділік, мемлекеттің, кәсіби қоғамдастықтың білім беру мекемелерімен және азаматтардың өздері қатысуымен кешенді көзқарас.

Толығырақ...

Клиникада «Ақылмандар кеңесі» құрылды.Ұраны:«Біз тұрғындарға қолайлы, кешенді, сапалы көмек көрсететін ұйымбыз.»

 

   2025 жылдан бастап Отбасылық медицина клиникасында «Ақылмандар кеңесі» құрылды.

Бұл – медиацияның жоғарғы органы болып табылатын, ұйым ішіндегі беделді, тәжірибелі мамандар мен ардагерлерден жасақталған кеңес.

Кеңестің басты ұраны:

«Біз тұрғындарға қолайлы, кешенді, сапалы көмек көрсететін ұйымбыз.»

Мақсаты:

Ұжымішілік қарым-қатынасты жақсарту, қызметкерлер мен пациенттердің қанағаттанушылығын арттыру, дау-жанжалдардың алдын алу және сындарлы шешім қабылдауға қолдау көрсету.

Толығырақ...

Клиника қызметкерлеріне «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді

 

Бүгін 4 қазан күні Отбасылық медицина клиникасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді. 🌿🧹

Тазалық — әрқайсымыздан басталады! 💚

#ТазаҚазақстан #Сенбілік #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Экология #ЧистаяСреда

Толығырақ...

03 қазан күні Отбасылық медицина клиникасында 30 және 45 жас аралығындағы қызметкерлерге арналған, психолог мамандарының ұйымдастыруымен Спорттық тимбилдинг өткізілді.

2025 жылдың 03 қазан күні Отбасылық медицина клиникасында 30 және 45 жас аралығындағы қызметкерлерге арналған, психолог мамандарының ұйымдастыруымен Спорттық тимбилдинг өткізілді.

Басты мақсаты: қызметкерлер арасындағы бірлікті, сенімді, және ынтымақтастықты арттыру.Спорттық ойындар мен жарыстар барысында әріптестер бір-бірімен ашық сөйлесіп, тиімді байланыс орнатты.

Толығырақ...

1 қазан – Қарттар күніне орай Отбасылық медицина клиникасында Ашық есік күні өтті.

 

  1 қазан – Қарттар күніне орай Отбасылық медицина клиникасында Ашық есік күні өтті🏥

Іс-шараға М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттері мен тар бейінді мамандар қатысты.

Құрметті пациенттеріміз белсенділік танытып, маңызды сұрақтар қойды. Сонымен қатар, үйде есепте тұрған қарт пациенттер де назардан тыс қалмады — үй жағдайында тексерулер жүргізіліп, қан анализдері алынды және ЭКГ жасалды.

Іс-шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды 🎁💝

#ҚарттарКүні #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #АшықЕсікКүні

1 октября ко Дню пожилых людей в Клинике семейной медицины прошел День открытых дверей🏥

Акция прошла с участием узких специалистов и студентов ЗКМУ им. М.Оспанова. Наши уважаемые пациенты активно участвовали, задавали вопросы. Также было уделено внимание нашим пожилым пациентам на дому. Были взяты анализы для обследования и снятие ЭКГ. Пациенты получили памятные призы и подарки🎁 💝

Толығырақ...

29 қыркүйекте «Отбасылық медицина клиникасында» ерекше күн өтті 💓 Дүниежүзілік жүрек күніне орай кардиолог дәрігер Жетібаева Арайлым Бауржановна пациенттерге арналған Ашық есік күнін өткізді.

 

   29 қыркүйекте «Отбасылық медицина клиникасында» ерекше күн өтті 💓

Дүниежүзілік жүрек күніне орай кардиолог дәрігер Жетібаева Арайлым Бауржановна пациенттерге арналған Ашық есік күнін өткізді.

🫀 Қабылдау барысында жүрек саулығы, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу және салауатты өмір салтының маңызы талқыланды.

✨ Пациенттер маманнан құнды кеңестер алып, тегін консультациядан өтті.

Жүрегіңізді сақтаңыз — ол жалғыз! ❤️

#ДүниежүзілікЖүрекКүні #ОтбасылықМедицинаКлиникасы #Кардиология #Денсаулық

29 сентября в «Клинике Семейной Медицины» прошёл особенный день 💓

В честь Всемирного дня сердца врач-кардиолог Жетибаева Арайлым Бауржановна провела День открытых дверей для пациентов.

🫀 Во время приёма обсуждали важность заботы о сердце, профилактику сердечно-сосудистых заболеваний и принципы здорового образа жизни.

✨ Пациенты получили профессиональные рекомендации и прошли консультацию специалиста.

Берегите своё сердце – оно у вас одно! ❤️

#ВсемирныйДеньСердца #КлиникаСемейнойМедицины #кардиология #здоровье #профилактика

Толығырақ...

Вакцинация – тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы.

 Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап  
Отбасылық медицина клиникасында тұмауға қарсы егу науқаны басталды!
 
💉 Вакцинация – тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы.  
🧪 Қолданылатын вакцина – ГРИППОЛ, Ресейде өндірілген.
 
📍 Егуді 206-кабинетте, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ала аласыз.  
🩺 Сондай-ақ, жергілікті дәрігеріңіздің кестесіне сәйкес келуіңізге болады.
 
Денсаулығыңызды қорғаңыз – уақтылы екпе алыңыз!
 
Уважаемые жители и гости города Актобе!
 
С 24 сентября 2025 года  
в Клинике семейной медицины стартовала кампания по вакцинации против гриппа!
 
💉 Вакцинация — самый эффективный способ профилактики гриппа.  
🧪 Используется вакцина ГРИППОЛ, произведённая в России.
 
📍 Прививку можно получить в 206 кабинете с 09:00 до 18:00,  
а также согласно графику участковых врачей.
 
Позаботьтесь о здоровье — сделайте прививку вовремя!

Толығырақ...

Бас дәрігер

 

Нурбаев Сандибек Мухамбетжанович 

Бас дәрігерге сұрақ қою

Contact us

Your message has been sent sucessfully

Осы номер арқылы алдын-ала жазылуыңызға болады

                    ↓ ↓ ↓

 hjfhhf  ksm_org.metod@zkmu.kz

Медициналық сауалнама

WhatsApp Image 2025 05 28 at 12.56.27

maxresdefault

  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • БҚМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚМУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал
Яндекс.Метрика