
Отбасылық медицина клиникасының патронажды мейірбикелері үйлерді аралап, балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
0–5 жас аралығындағы балалардың қауіпсіздігі аса маңызды. Баланың шапшаң қимылдайтын кезеңінде оған үнемі бақылау жасап, дер кезінде көмек көрсету қажет. Осыған байланысты ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтау, тұрмыстық жарақаттардың алдын алу және баланы қараусыз қалдырмау жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әрбір баланың қауіпсіздігі – сіз үшін де, біз үшін де маңызды!


