Отбасылық медицина клиникасы 1997 жылы 13 қазан айында Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының жанынан ашылған Отбасылық дәрігер және жалпы тәжірибелі дәрігерлерді практикалық дайындықтан өткізетін бірінші клиникалық базаның принципі бойынша жұмыс жасайтын Ақтөбе қаласындағы алғашқы клиника болып табылады.
Клиника қызметкерлері «Тасис» бағдарламасы бойынша «Отбасы медицина» циклі бойынша 4 айлық оқудан өтті. Оқыту батыс елінің отбасылық дәрігерлерін дайындау бағдарламасы бойынша өткізілді. Оқыту шет елдік мамандардың бақылауымен жүзеге асырылды.
Отбасылық медицина сертификатын бірінші алған қызметкерлер: Ж.Б. Досимов, У.М. Уразова, Г.Х. Сеитова, Ж.С. Примбетова, М.Н.Туребаев, К.А.Козыбаева, Д.Г.Байтурлина, А.М.Бримбетова, Ж.Н. Кенбейлов, Г. Курманалина, Б.И. Курманалин және т.б. Бұл Қазақстан бойынша алғашқы оқыту бөлімі болды. Студенттік емдеу-алдын алу институтының бұрынғы ғимаратынан 10 мыңнан астам тұрғыны тіркелген отбасылық медицина клиникасы ашылды. Кафедра және клиника қызметкерлері аймақтағы емделушілердің жасы, жынысы және дертіне қарамастан қызмет көрсетті.
Отбасылық медицина клиникасының қызметі аумақтық аймақты құрумен басталды. Тұрғындар арасында «отбасылық медицина» ұғымын түсіндіру жұмысы жүргізілді. Отбасылық медицина – дәрігер бірінші және үздіксіз бақылауды жүзеге асырып және оған тіркелген тұлғаның жасына, жынысына және дертіне қарамастан көпсалалы медициналық көмекті көрсететін, ҚР денсаулық сақтау қоғамының жаңа түрі. Емделушілерді қандай жағдай мазаласада, оларға отбасылық дәрігерлер көмек қолын созатынын түсінуі керек.
Отбасылық медицина кафедрасында клиника жетекшісімен қатар: м.ғ.к., доцент Туребаев М.Н., жоғары категориялық дәрігер педиатр– ассистент Кенбейлов Ж.Н., ассистент-гинеколог – м.ғ.к. Уразова У.М., ассистент –терапевт Бримбетова А.М. жұмыс жасады.
Клиникада жалпы тәжірибелі дәрігерлермен қатар бейінді мамандар: акушер – гинеколог, хирург, лор-дәрігер, окулист, эндокринолог, травматолог, функционалды диагностикалық дәрігерлер және т.б. қабылдау жүргізді.
2010 жылы стоматологиялық клиниканың босаған орнынан санитарлы-гигеналық нормаға сәйкес кабинеттер, соның ішінде химизатор кабинеті, медициналық қалдықтарды сақтау және т.б. кабинеттер ашылды.
2010 жылы клиника аккредитациялық стандартқа сай келетін Республикалық аккредитациялау комиссиясынан сәтті өтті.
Барлық кабинеттер санитарлы-гигиеналық нормаға сай, нормативтік үлгі бойынша жабдықталған. Клиниканың жұмыс уақыты 8.00-20.00-ге дейін, дәрігерлердің қабылдау уақыты ауыспалы график бойынша жүргізіледі. Шақыруды қабылдау күнде, сенбіні қосқанда сағат 18.00-ге дейін.
Клиникада «Денсаулық сақтаудың үздігі» белгісімен марапатталған дәрігерлер жұмыс жасайды.
«2009 жылдың Үздік дәрігері» атағына ие болған 30 жыл еңбек өтілі бар педиатр-дерігер Бердиева К.А. марапатталды. Жыл сайын клиника қызметкерлеріне облыс Әкімінің «Шапағат» сыйақысы беріледі.
Клиника дәрі-дәрмектің түрлерін анықтап, емдеудің жаңа әдістерін енгезуде белсенді қатысады.
2015 жылдың наурыз айынан бастап клиника жаңа ғимаратқа көшті. Ғимараттың жобасы экологиялық, санитарлы-гигиеналық, өрткеқарсы және т.б. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын барлық нормаға сай және нысанды пайдалану адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпсіз.
Поликлиника заманға сай медициналық құралдармен және оргтехникамен жабдықталған. Барлық қажетті диагностикалық кабинеттер бар.
Отбасы медицина клиникасында 7 керует (4-терапевтикалық, 2-невралогиялық, 1-хирургиялық), 3 бөлмеден тұратын: күту залы, палаталық кабинет, процедура кабинеті бар күндізгі стационар қызмет атқарады. Қабылдауды күндізгі стационар дәрігері мен мед бикесі жүргізеді.
Ерте жастағы балаларға күтім жасайтын аналар мен қызметкерлерді оқытатын дені сау балалар кабинеті жұмыс жасайды. Дені сау бала кабинетінің жанында «Жас ана» мектебі жұмыс жасайды. 2011 жылдың қазан айынан бастап әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету кабинеті ашылды. «Егде жастағы клубы», «Бронхиалды астма мектебі», «Кардио мектебі», «Диабет мектебі», «Босануға дайындау мектебі», «Инсульт мектебі» денсаулық мектептері қызмет атқарады.
Ұжымда ардагерлер қызмет атқарады: Марат Оспанов атындағы БҚМУ студенттік дәрігері Дюсупова Д.С., гинеколог Соколова О.Е., лаборант-дәрігер Урмантаева А.А., халықтың денсаулығының жақсаруына үлесін қосып келеді.
Талипов Есет Нурмуханұлы клиниканың алғашқы жетекшісі болды. 2000-2003 жыл аралығында Р.Н. Нурбаев, А.С. Дербисалин, Т.П. Острецова жетекшілік етті. 2003-2013 жылдары клиниканы Кабылова Ж.А. басқарды. 2013-2016 жылдары клиниканы Итегулов Ж.А. жетекшілік етті. 2016-2019 жылдары Избасаров Бекболат Уразбаевич жетекшілік етті. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Латыпова Алия Мухтаровна басқарып келеді.
Поликлиника ұжымы соңғы жылдары айтарлықтай өсіп, медициналық қызметкерлердің профессионализімі артып келеді. Басшылық жұмысшыларының профессионалды деңгейін жоғарлатуға көңіл бөліп келеді.
Сонымен қатар, клиника ұжымы спорттық, мәдени-көпшілік іс-шараларда қатысады.
Қазіргі таңда клиника 14345 тұрғындарға (соның ішінде ересектер – 11099, балалар – 3246) қызмет етеді.