Отбасылық медицинаның университеттік клиникасы халыққа МСАК көрсетудің негізгі бөлігі ғана емес, сонымен қатар студенттерді, интерндерді, резиденттерді даярлауға арналған оқу базасы болып табылады.
Мамандар тобының жұмысына жаңашылдық енгізуде және отбасылық медицина клиникасы базасында озық тәжірибе орталығын құруда «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының мамандары үлкен әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуде.
3 күн бойы 2023 жылдың 31-ші мамырынан бастап «РНС» Ұлттық қауымдастығының тренер-сарапшылары университеттің медбикелерін, бөлім қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, экономистерді оқыту бойынша семинарлар өткізеді.
Пациенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы инфрақұрылым құру мақсатында отбасылық медицина клиникасында Call-center ашылды.
Байланыс орталығы - бұл қазіргі өмір салтына тығыз енген бағыт, бұл пациенттермен үздіксіз кері байланыс.