log 2023

Отбасылық
медицина
клиникасы

 

 

  • слайд
  • слайд 6
  • слайд 16
  • слайд 4
  • слайд 8
  • слайд 9
  • слайд 11
  • слайд 2
  • слайд 15
  • слайд 10
  • слайд 7
  • слайд 13
  • слайд 12
  • слайд 1
  • слайд 5

Жастар денсаулық орталығы

 Достар, алысқа бармай ақ туған жердің табиғатын тамашалауға

mesta 2

Девиантты  мінез – құлық

«Девиантты  мінез – құлық»  тақырыбына  жасөспірімдермен жиі жұмыс істейтін мамандар арасында тренинг өткізілді.

Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

  • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
  • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
  • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
  • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
  • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

 

 Девиантное 3 1

Отбасы медициналық клиникасының (ОМК)

«Жастар денсаулық орталығы»  (ЖДО)

 

- «Жастар денсаулық орталығы» (ЖДО) – жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру:  әртүрлі аурулардың, оның ішінде жыныстық жолмен жұғатын жұкпалы аурулардың, жас ерекшелігіне қарай ортаға бейімделу, күйзелістердің алдын алу мақсатында қызмет көрсететін орталық.  Халықаралық стандарттарға сәйкес,  бәсекелестік ортада жастардың сауаттылығын, тәжірибесін қоршаған ортаға бейімділігін арттыруға коррекция  жасауға арналған.

-Негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, жақсарту.

Нысаналы топ:

Жасөспірімдер:  10 – 17 жас

жастар:18 – 29 жас

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы ( ДДСҰ)  бойынша жеткіншек, жастар үш топқа бөлінеді

. Ерте жеткіншек жасы    10 – 13 жас

. Орта жеткіншек жасы    14 – 16 жас

. Кеш жеткіншек жасы     17 – 19 жас

 

-«Жастар денсаулық орталықтарығы» (ЖДО) - репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша  10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызымет көрсетеді.

Жастар денсаулық  орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?

Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер

Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі

Емдеу – профилактикалық көмек, репродуктивті денсаулық ауруларының, (соның ішінде ЖЖБИ ) алдын алу, диагностикалау және емдеу.

Медициналық – психологиялық диагностикалық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек ).

Емхана «Жастар денесаулық орталылығының» жұмыс қағидалары (принципі):

  1. Қол жетімділік

Емханаға тіркелген пациенттерге: міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер көрсетіледі – ТЕГІН.Тіркелмеген, басқа емхана, басқа жақтан келген азаматтарға қол жетімді бағамен.

  1. Еркіндік

Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен саналы түрде баруға ынталандыратындай, орталықтың ісіне араласып, қызметтерін өз еркімен таңдауға жағдай жасалған. Жастар өз еркімен, саналы түрде дәрігерге ауырғанда немесе ауруды болдыртпау үшін ғана емес, жәй кеңес алу немесе психологиялық қолдау үшін бара алады.

  1. Мейірбандық

.  ЖДО мамандары жастарға барынша ізгі ниетпен қарайды.

. Дәрігер мен басқа мамандар жастар мен жасөспірімдерді түсініп, өмір сүру талғамын түсіністікпен қабылдайды, құрметпен, төзімділікпен қарап өз ойын ашық айту қажеттігін түсіндіріп, қолдайды.

МЦЗ 1

. Жастар тіркеу бөлімінен - ақ бастап, орталықтағы жайлы атмосфера, қолдау және ашық пейілді, достық қатынасты сезінеді.

  1. Сенім

 . ЖДО қызметкерлері қабылдауға келген жасөспірім және жас пациенттердің қалауына қарай қабылдайды (анонимді немесе конфедициалды), қатаң құпиялық сақтайды, дәрігерге айтқанның бәрі өз араларында ғана қалады!

. Көрсетілген қызметтер жиынтығы мен сапасы туралы жастардың ойы ескеріліп сарапталанады.

МЦЗ 2

Жас достар, қажеттілік туындаған жағдайда біздің «Жастар денсаулық орталығына» келіңіздер!

 

  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • БҚМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚМУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал
Яндекс.Метрика