log 2023

Отбасылық
медицина
клиникасы

 

 

  • слайд 2
  • слайд 13
  • слайд 5
  • слайд 6
  • слайд 11
  • слайд 4
  • слайд 8
  • слайд
  • слайд 12
  • слайд 7
  • слайд 9
  • слайд 15
  • слайд 10
  • слайд 1
  • слайд 16

⚡️ Қазақстанда энергетикалық сусындардың сатылымы 5 жыл ішінде шамамен 3 есе өсті

 

WhatsApp Image 2026-06-12 at 07.09.50.jpeg

⚡️ Қазақстанда энергетикалық сусындардың сатылымы 5 жыл ішінде шамамен 3 есе өсті

Энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан сегменттердің бірі болып қала береді. Егер 2017 жылы Қазақстандағы сатылым көлемі 61,7 мың тоннаны құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 184 мың тоннаға жетті (Euromonitor International, 2022). Бұл көрсеткіштер өсуді жалғастыруда, оған елдегі жастарға бағытталған белсенді жарнаманың да әсері бар.

Осы уақыт аралығында энергетикалық сусындар жасөспірімдер мен жастар арасында сергектік алудың ең танымал тәсілдерінің біріне айналды. Олар емтихан алдында, түнгі жұмыс кезінде, жаттығулар алдында немесе ұйқы қанбаған кезде жиі тұтынылады.

Алайда энергетикалық сусыннан кейінгі сергектік сезімі ағзаның қосымша энергия алғанын білдірмейді. Керісінше, зерттеулер энергетикалық сусындарды тұрақты тұтыну келесі жағдайлармен қатар жүруі мүмкін екенін көрсетеді:

🔴 артериялық қысымның жоғарылауымен

🔴 жүрек соғу жиілігінің жиілеуімен

🔴 ұйқының бұзылуымен

🔴 мазасыздықтың күшеюімен.

Энергетикалық сусындарды алкогольмен, қарқынды дене жүктемелерімен және созылмалы ұйқы тапшылығымен қатар қолдану ерекше қауіпті болып саналады.

⚠️ Ғылыми зерттеулердің деректеріне сәйкес, энергетикалық сусындарды тұрақты тұтыну кофеинге физикалық және психологиялық тәуелділіктің қалыптасуымен қатар жүруі мүмкін. Энергетикалық сусындарды тұтынуды тоқтатқан кезде бас ауруы, қатты шаршау және ашушаңдық сияқты қайтару нышанатының белгілері байқалуы мүмкін.

Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-қайта қаралымына (АХЖ-10) сәйкес, кофеинге тәуелділік стимуляторларды қолданумен байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға жатады. Жасөспірімдер мен жастар ең жоғары қауіп тобына жатады.

❌ 2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған. 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатқан жағдайда 30 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

💡 Энергетикалық сусындар ұйқыны, демалысты және толыққанды тамақтануды алмастырмайды, керісінше денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

 

 

Бас дәрігер

 

Нурбаев Сандибек Мухамбетжанович 

Бас дәрігерге сұрақ қою

Contact us

Your message has been sent sucessfully

Осы номер арқылы алдын-ала жазылуыңызға болады

                    ↓ ↓ ↓

 hjfhhf  ksm_org.metod@zkmu.kz

Медициналық сауалнама

WhatsApp Image 2025 05 28 at 12.56.27

maxresdefault

  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • БҚМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚМУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал
Яндекс.Метрика