
ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА КЛИНИКАСЫНДА КЛИНИКАЛЫҚ ХАТТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Отбасылық медицина клиникасында клиникалық хаттамаларды күнделікті тәжірибеде қолдану деңгейін бағалау мақсатында мониторинг жүргізілді. Іс-шара барысында медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды.
Клиникалық хаттамаларды тәжірибеде тиімді пайдалану – пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға, емдеу-диагностикалық үдерістерді біріздендіруге және ем нәтижелерін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады.Мониторинг аясында клиникада қолданылып жүрген клиникалық хаттамалардың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар олардың медициналық қызметкерлердің күнделікті жұмысына енгізілу деңгейі және талаптарға сәйкестігі бағаланды.
Тексеру барысында клиникалық хаттамаларды орындауды бақылау жүйесі, ішкі аудит нәтижелері, медициналық қызметкерлермен кері байланыс тетіктері және емдеу нәтижелерінің көрсеткіштері талданды. Алынған мәліметтер алдыңғы кезеңдердің нәтижелерімен салыстырылып, тиісті қорытындылар шығарылды.
Сондай-ақ клиника қызметкерлерінің клиникалық хаттамаларға қолжетімділігі, оларды пайдалану ыңғайлылығы және практикалық жұмыста қолдану ерекшеліктері зерделенді. Хаттамалардың түсінікті әрі қолайлы форматта ұсынылғаны атап өтілді.
Отбасылық медицина клиникасының әкімшілігі клиникалық хаттамаларды енгізу және сақтау жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, медициналық көмек сапасы мен пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
Мониторинг қорытындысы бойынша клиникалық хаттамаларды тиімді енгізу мен тұрақты бақылаудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар медициналық көмектің сапасын арттыруға және пациенттердің денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді.




