
📢 Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу рейді
Қала аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында арнайы рейд жүргізілуде.
🔹 Осы шара аясында біздің клиниканың әлеуметтік қызметкері, психологы, СӨС мамандары және Ақтөбе қаласы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция майоры Муканова Адеми Бердиевна бірлесіп, тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
🔸 Мамандар тұрғындарға құқықтық және психологиялық кеңес беріп, қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат түсіндірді.
🔹 Шараның басты мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру.
#ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #ҚауіпсізОтбасы #ӘлеуметтікҚолдау #ТүсіндіруЖұмысы #Ақтөбе

