



2025 жылдың маусым - шілде айларында Отбасылық медицина клиникасында Марат Оспанов атындағы медицина университетінің оқытушыларының Иммунолог Маржан Корешокованың және Ляззат Мамбетжановна қатысуымен «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» тақырыбында оқыту сабағы өткізілді.
Сабақ барысында бала денсаулығын сақтау жолдары, дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану, аурудың алдын алу тәсілдері және баланы дұрыс тәрбиелеу мен күтіп-баптау бойынша маңызды мәліметтер берілді. Қатысушылар балаларға сапалы күтім көрсету мен оларды дұрыс өсіру туралы құнды ақпараттар алды.
Отбасылық медицина клиникамызда Баланы дамыту кабинеті аясында аналармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Мақсат- баланың физиологиялық және психомоторлық көрсеткіштерін уақытылы анықтау.
Іс-шара барысында аналар өз пікірлерін айтып,пайдалы ұсыныстарын ортаға салды. Баланың дені сау болсын десек - бірге әрекет етейік!
Отбасылық медицинаның университеттік клиникасы халыққа МСАК көрсетудің негізгі бөлігі ғана емес, сонымен қатар студенттерді, интерндерді, резиденттерді даярлауға арналған оқу базасы болып табылады.
Мамандар тобының жұмысына жаңашылдық енгізуде және отбасылық медицина клиникасы базасында озық тәжірибе орталығын құруда «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының мамандары үлкен әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуде.
3 күн бойы 2023 жылдың 31-ші мамырынан бастап «РНС» Ұлттық қауымдастығының тренер-сарапшылары университеттің медбикелерін, бөлім қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, экономистерді оқыту бойынша семинарлар өткізеді.
Пациенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы инфрақұрылым құру мақсатында отбасылық медицина клиникасында Call-center ашылды.
Байланыс орталығы - бұл қазіргі өмір салтына тығыз енген бағыт, бұл пациенттермен үздіксіз кері байланыс.