



2025 жылдың маусым - шілде айларында Отбасылық медицина клиникасында Марат Оспанов атындағы медицина университетінің оқытушыларының Иммунолог Маржан Корешокованың және Ляззат Мамбетжановна қатысуымен «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» тақырыбында оқыту сабағы өткізілді.
Сабақ барысында бала денсаулығын сақтау жолдары, дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану, аурудың алдын алу тәсілдері және баланы дұрыс тәрбиелеу мен күтіп-баптау бойынша маңызды мәліметтер берілді. Қатысушылар балаларға сапалы күтім көрсету мен оларды дұрыс өсіру туралы құнды ақпараттар алды.