
"Әлеуметтік әмиян" сервисі аясында eGov Mobile қосымшасы арқылы дәрілік препараттарды алу
eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "Әлеуметтік әмиян" сервисі азаматтарға дәрігер жазып берген жеңілдікпен берілетін дәрілік препараттарды қағаз рецептісіз ыңғайлы әрі жылдам алу мүмкіндігін ұсынады.
Қадамдық нұсқаулық
- Қосымшаны орнату және тіркелу
- App Store немесе Play Market дүкенінен eGov Mobile қосымшасын жүктеп алыңыз.
- Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе eGov авторизация жүйесі арқылы тіркеуден өтіңіз. Егер сізде тіркелгі бар болса — жүйеге кіріңіз.
- Рецепттің QR-кодын алу
- Қосымшадағы басты мәзірден "Әлеуметтік әмиян" бөлімін ашыңыз.
- "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" қосымша бөлімін таңдаңыз.
- Дәрігер жазып берген рецепті табыңыз — ол QR-код түрінде қолжетімді болады.
- Дәріні дәріханадан алу
- Тіркелген емханаңыздағы дәріханаға барыңыз.
- Фармацевтке QR-кодты көрсетіңіз.
- Қызметкер кодты сканерлеп, қажетті дәрілік препараттарды береді.
Қосымша ақпарат
- "Әлеуметтік әмиян" сервисі арқылы дәрі-дәрмек алу кезінде қызмет көрсету сапасына баға беруге болады.
- Жүйе тегін дәрілерді алу процесін жеңілдетуге, цифрландыруға және ашық етуге бағытталған.
- Қазіргі уақытта сервис Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында дәрі-дәрмек алу үшін қолданылады.




