Жастар үйінде Денсаулық апталығы аясында «Самғау» жастар денсаулық орталығы мамандары мен Жұбанов емханасының дәрігерлері студенттермен тренинг форматында кездесу өткізді.
Шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру, психологиялық және физикалық денсаулықты нығайту, зиянды әдеттердің алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға арналған тренингтік ойындар ұйымдастырылып, командалық жұмысқа бағытталған жаттығулар өткізілді.
Студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, мамандарға сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.



