2026 жылғы 17 сәуірде Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Ерте жүктіліктің және жыныстық өмірді ерте бастаудың қауіптілігі» тақырыбында лекциялық-семинар өткізілді.
Іс-шара барысында иммундау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық екпелердің маңызы мен егу мерзімдері түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берілді.
Семинарға клиникамызда есепте тұрған 1–4 курс студенттері қатысты.
Іс-шараны жалпы практика дәрігерлері, СӨС кабинеті мейірбикесі, психолог дәрігер және «Samғau» жастар орталығының мамандары ұйымдастырды.
Семинар барысында:
🔹 ерте жыныстық өмірдің қауіптері
🔹 ерте жүктіліктің салдары
🔹 алдын алу жолдары мен контрацепция әдістері
жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттерге ақпараттық материалдар таратылып, қауіпсіз мінез-құлық пен репродуктивті денсаулықты сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
🧠 Психологиялық қолдау мәселелері де қамтылып, қиын жағдайларда мамандарға жүгінудің маңызы айтылды.
❤️ Денсаулық – әр адамның басты байлығы!