
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын іске қосып, МӘМС 2.0 форматына көшуді бастады. Бұл жүйе қаржының қайда және қалай жұмсалып жатқанын ашық көрсетіп, барлық үдерісті автоматтандыруға бағытталған.
Енді медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу бір жүйеде жүргізіледі. Қолмен жасалатын жұмыстар азайып, шешімдер нақты деректерге негізделеді.
ӘМСҚ Цифрлық даму орталығы басшысының орынбасары Гаухар Жанайдарованың айтуынша, Qalqan МӘМС жүйесінің «цифрлық қалқанына» айналады: ол пациенттердің құқығын қорғап, медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, адал медициналық ұйымдарға төлемдерді автоматтандыру арқылы қолдау көрсетеді және мемлекетке қаражатты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
