
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Отбасылық медицина клиникасының дәрігерлері кәмелетке толмаған білім алушыларға арналған маңызды дәріс өткізді.Іс-шара барысында жастарға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс тамақтану және жеке гигиенаны сақтау туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.Дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәрігерлерден нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.


