
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің бұйрығына сәйкес өзара ынтымақтастық аясында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен «Самғау» жастар денсаулығы орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға «Самғау» ЖДО дәрігері Жармагамбетова Д.А., психологы Аугалиева Э.К. және әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қартжан Н.Е. қатысты.
Меморандумның мақсаты — 10 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған семинарлар, тренингтер, кездесулер, сондай-ақ алдын алу және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

