
📌Бүгін Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев, бас дәрігердің орынбасары, ВКК дәрігері және хирург дәрігердің қатысуымен дәрігерлік консилиум өткізілді.
Консилиум барысында пациенттің денсаулық жағдайы жан-жақты қаралып, қосымша диагностикалық тексерулер мен әрі қарай ем алу тактикасы талқыланды. Пациентке медициналық көмекті күшейту, емдеу процесін жалғастыру және қажетті мамандардың бақылауында болу жөнінде нақты шешімдер қабылданды.
Қабылданған шешімдер пациентке уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталды, ем алу үдерісі қазіргі уақытта жалғасуда.🙌🏻

