
📌Отбасылық медицина клиникасының кәсіподақ комитетінің төрағасы Э.К Аугалиеваның ұйымдастыруымен жиналыс өтті. Жиналысқа клиникамыздың бас дәрігері мен орынбасары қатысты. Кездесу барысында 2026 жылға арналған кәсіподақтың жоспарлары кеңінен таныстырылып және кәсіподақ мүшелерімен таныстырылып ұжымдық келісімшартқа (коллективтік договор) енгізілетін өзгерістер талқыланды. Барлық өзгерістер кәсіподақ мүшелеріне түсіндіріліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар, ұжымдағы ағымдағы мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары ортаға салынды. Жиналыс ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын еркін білдірді.🙌🏻

