
📌Марат Оспанов атындағы Отбасылық медицина клиникасының бас дәрігері С.М. Нұрбаев клиникада күнделікті жоспарлы обход жүргізді. Аралау барысында клиниканың санитарлық жағдайын, медициналық қызметтің ұйымдастырылуын және пациенттерге көрсетіліп жатқан ем-шаралардың сапасын тексерді.
Сонымен қатар бас дәрігер пациенттермен жеке сөйлесіп, олардың ем алу барысы, медициналық қызметкерлердің жұмысы және жалпы жағдайы туралы пікірлерін тыңдады. Айтылған ұсыныстар мен сұрақтар назарға алынып, тиісті тапсырмалар берілді.🙌🏻



