



2025 жылдың 22 тамыз - күні Отбасылық медицина клиникасында салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі Тулебаева Б. Б. қатысуымен «Диета сақтаудың маңыздылығы. Салауатты тамақтану» дөңгелек үстел өткізілді. Басты мақсаты: пациенттер арасында дұрыс әрі теңгерімді тамақтану дағдыларын қалыптастыру, денсаулықты сақтау және созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында диета сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат беру.
Сонымен қатар психолог маманы Акжигитова Т. Б. қатысуымен пациенттермен «Кешіру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – жағымсыз эмоциялық күйлерді жеңілдету, эмоционалдық шиеленісті төмендету және ішкі үйлесімділікті қалыптастыру.