



Отбасылық медицина клиникасында тырысқақ бойынша оқыту семинары өтті
Отбасылық медицина клиникасының эпидемиолог дәрігері Есекенов Дамир Қайратұлы клиника медициналық қызметкерлері үшін
«Тырысқақ: эпидемиологиялық ахуал, алдын алу шаралары және жағдай анықталған кездегі әрекет алгоритмі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында келесі мәселелер кеңінен қарастырылды:
• әлемдегі және аймақтағы тырысқаққа байланысты эпидемиологиялық жағдай;
• аурудың негізгі таралу жолдары мен клиникалық көріністері;
• тырысқақтың таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар;
• тырысқаққа күдік туған жағдайда медицина қызметкерлерінің әрекет ету алгоритмі.
Семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің жұқпалы ауруларға байланысты туындауы мүмкін қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін арттыру және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейту.