Отбасылық
медицина
клиникасы

 

 

Қызылша

    Әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде сондай-ақ халықтың сыртқы көші-қоны (оқыту, еңбек көші-қоны, демалыс және т.б.) қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, вакцина жеткізүінің бұзылуы, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың, болуы - еліміздің халқы арасында қызылша сырқаттанушылығының өсуіне алып келді.
Қазақстан Республикасында 2018 жылы 576 қызылшаның жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 484 жағдай (84%).
   Сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркелуде – 436 жағдай (76%), оның басым бөлігі (62%-дан астамы) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, медициналық қарсы көрсетілім - 119 (27%), вакцинациядан бас тартуға байланысты егілмегендер арасында 45 жағдай (11%).
2019 жылдың басынан бастап қызылшаның 749 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 534 (71,2%).
   Қызылша – адамдардың сезімталдығы 93-95 % құрайтын, аса жұқпалы инфекциялар тобына жататын жұқпалы ауру. Қызылша вирусы тек қана ауа-тамшылы жолмен таралады.
Қызылшамен ауырған науқас алғашқы 4 күн және бөртпе пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде қоршаған ортаға қауіпті.
Клиникалық белгілері жедел және біртіндеп басталады:
• дене қызбасы;
• кезеңдігімен және қосылып кетуімен сипатталатын дақты-папулезді бөртпе;
• мұрын қуысының бітелуі (ринорея) және коньюктивит (көздің қызаруы);
  Қызылшамен ауыратын науқастарда отит, өкпе қабынуы, іш өту, көз көруінің жоғалуы, постинфекциялық энцефалит және өте аз кездесетін жеделдеу склероздық панэнцефалит сияқты бір немесе оданда көп асқынуларына алып келуі мүмкін.
Емделу жолдары:
Үй жағдайында өздігінен емделуге болмайды. Алғашқы белгілері білінген жағдайда тұрғылықты мекенжай бойынша емханаға, жедел жәрдем станциясына, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмекке жүгіну қажет!
Алдын-алу шаралары:
1 және 6 жас аралығында жүргізілетін екпе шараларын қабылдау нәтижесінде ғана қызылша ауруының алдын алуға болады.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! ҚЫЗЫЛШАДАН САҚТАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ – ОЛ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ.
kor vnut
  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • ЗКГМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал