Отбасылық
медицина
клиникасы

 

 

Жатыр мойны обырының алдын алу және ерте диагностикасы тақырыбында Ашық есік күні.

    "Жатыр мойны обырының алдын алу апталығын" өткізу аясында 2019 жылы 26 қаңтарда отбасылық медицина клиникасында БҚММУ медициналық орталығы дәрігерлерінің онкогинекологы Айтмагамбетова М.А, онкомаммологы Кенжебаева А.Қ. консультативтік қабылдауы бар "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.  Аталған акцияның мақсаты онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыру, халықтың онкологиялық сақтығын арттыру, скринингтік бағдарламаларға қатысудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру болып табылады.

    Онкоқызметтің үйлестірушісінің айтуынша жатыр мойны обыры-гинекологта үнемі тексерілсе, алдын алуға болатын онкологияның жалғыз түрі. 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер кез келген уақытта өз емханаларында жатыр мойны обырына тегін скрининг өткізе алады.
Жатыр мойны обыры алдын алудың негізгі шарасы тұрақты скрининг, сондай-ақ адам папилломасының вирусы вакцинациясы болып табылады.
Қазақстанда онкопатология құрылымында әйелдерде жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын жатыр мойны обырының 1700-ге жуық жаңа жағдайы және осы аурудан 600-ге жуық адам қайтыс болғаны туралы хабарланады.
  vnut den otkritih dverei1  vnut den otkritih dverei2

 

  • Акорда

    AKORDA.KZ

  • EGOV
  • Денсаулық сақтау

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • Министерство образования
  • Акимат Актюбинской области

    Ақ төбе облысының әкімдігі

  • ЗКГМУ

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ

  • Журнал
  • Газета Медик
  • ОСМС
  • Digital agent мобильді қосымшасын жүктеп ал